Коронавирустан қайтыс болғандардың саны 700-ге жуықтады

1433899 Жаңалықтар

Atr.kz/7 ақпан, 2020 жыл.   Қытайда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 636-ға жетті. Бұл туралы ҚХР мемлекеттік денсаулық сақтау комитеті мәлімдеген, – деп хабарлайды РИА Новости

Бұған дейін ресми түрде вирусты жұқтырған 28 мың адамның 563-і қаза тапқаны хабарланған. 

«6 ақпандағы жағдай бойынша, мемлекеттік денсаулық сақтау комитеті 31 провинцияда 31 161 адам вирусты жұқтырғаны, оның 4821-і ауыр жағдайда жатқаны белгілі болды. 636 адам қайтыс болып, 1540 науқас ауруханадан шығарылды», – делінген хабарламада. 

Соңғы тәулікте 3143 адам коронавирусты жұқтырып, 387 науқас ауруханадан шығарылған. Гонконгтің өзінде вирусты жұқтырған 24 адамның біреуі қаза тапса, Макаода вирусты жұқтырған 10 тұрғынның біреуі ауруханадан шыққан, ал Тайванда барлығы 11 адам ауруды жұқтырып, біреуі емделіп шыққан. 

Одан бөлек, коронавирустың жаңа түрін жұқтырды деген күдікпен тағы 26,4 мың адам анықталған. Бүгінде 186 мыңнан аса адам ауруханада бақылау үстінде. 

Еске салайық, 2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытай билігі Ухан қаласында белгісіз дерттің таралғанын хабарлаған.

Мамандар аурудың қоздырғышын анықтаған – 2019-nCoV жаңа коронавирусы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл жағдайды халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай деп таныды.

http://atr.kz/bez-rubriki/%D2%9Baza%D2%9Bstan-koronaviruspen-k%D2%AFreske-%D2%9Boma%D2%9Bty-%D2%9Barzhy-b%D3%A9ldi/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз