Берекедегі отбасылық дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталуға жақын

screenshot 4 18 Медицина

Әлеуметтік маңызы бар жаңа нысанның құрылысы 98-пайызға дайын. Ашылғаннан кейін қалалық емханаға түсетін жүктеме азайып, халық саулығын жақсартуға күш салынады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, бұл ғимаратта облыстық жедел медициналық жәрдем орталығының бөлімшесі орналасады. Амбулатория соңғы үлгідегі құрылғылармен жарақтандырылады. Бұл тұрғындарға көрсететін қызмет сапасын арттыратыны сөзсіз.

Отбасылық емхананың жалпы аумағы 775,46 шаршы метрді құрайды. 1 қабатты ғимаратта құрылыс қарқынды. Мердігер мекеме қызметкерлерінің айтуынша, қазір ішкі әрлеу мен сыртқы абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр.

Атырау облысы құрылыс басқармасының тапсырысымен салынып жатырған бұл нысанның құрылысы 2022 жылдың наурыз айында басталды. 2023 жылдың қаңтар айында тапсыру жоспарланған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз