Жарнама
Медицина

САНИТАРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУҒА – ҚАТАҢ ТАЛАП

 

Баяндамада сөз болғандай, Атырау облысы – мұнай өндірісі кеңінен дамыған аймақтың бірі. Республикаға мұнайдың 60 пайызын осы аймақтағы кен орындары береді. Өңірде Теңіз кен орны өнім беріп тұрса, соңғы жылдары Каспий теңізіндегі «Қашаған» кен орнын игеру жұмыстары жүруде. Батыс Ескенеде ірі мұнай-газ зауытының құрылысы салынуда. Осы сияқты өңірде қоршаған ортаға зиянды әсері бар басқа да мұнай-газ өндіретін, тасымалдайтын ірі өндіріс орындары, құрылыс нысандары аз емес. Мұның көп жағдайда осында қызмет істейтін жұмысшылардың денсаулығына келтіретін зияны барын айтпай кетуге болмайды. Атап айтқанда, облыста 2006-2013 жылдар аралығында сегіз кәсіби аурушаңдық тіркелсе, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Теңіз кен орнында жұмыс жасайтын мердігер компанияның бір жұмысшысының  өткір улану жайы тіркелген.

Мамандардың айтқанындай, облыста алдын ала және кезекті медициналық тексерулерді іске асыратын лицензияланған 12 мемлекеттік, 11 жеке медициналық ұйымдардың қызметі сын көтермейді. Бұл салада емдеу-профилактикалық мекемелеріндегі дәрігер-мамандардың кәсіби  біліктіліктері, сондай-ақ, регламентпен белгіленген тиісті зертханалық тексеру жүргізуге материалдық-техникалық базасы  жеткіліксіз  (медициналық ұйымдардың құрал-аспаптармен, әдістермен қамтылуы 35-80 пайыз құрайды). Әсіресе, аудандық емханаларда кәсіби патология бойынша сертификатталған бірде-бір дәрігер жоқ.

Облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Амантай Жұмағалиев семинарды қорытындылай келіп, сөз болған кемшіліктерден қорытынды шығарып, медициналық қызметті жақсартуға баса назар аудару қажеттігін айтты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button