171120

Екпе салдыруға не кедергі?

Жаңалықтар Медицина
46 / 100

Облыстық әкімшілікте өңірімізде коронавирус инфекциясына қарсы екпе салу жұмыстарының жүру барысы талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың басшылығымен өткен жиынға басқарма басшылары, қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

– Қауіпті індеттің ошағы әлі басылған жоқ. Берілген мәліметтерге с ә й к е с , а й м а ғ ы м ы з д а з е й н е т ж а с ы н д а ғ ы а д а м д а р м е н ө к п е қ а б ы н у ы н а ш а л д ы қ қ а н д а р д ы ң д ү н и ед е н ө ту ф а кт і л е р і ә л і д е тіркелуде. Сондықтан біз індеттің таралуын болдырмау үшін, облыста вакцинациялау жұмыстарын жүйелі қолға алуымыз қажет, – деді облыс әкімінің орынбасары. Аймағымыздағы эпидемиялогиялық ахуалдың мән-жайын, екпе салу жұмыстарының жүру бары – сын облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев баяндады. Оның айтуынша, өңірімізге 2021 жылдың 1 ақпаннан бастап І компонентті құрайтын 74 200 вакцина жеткізіліп, оның 50 604 дозасы егілген. Ал ІІ компонентті екпенің 20 314 дозасы тұрғындарға салынған. Жұртшылық алған екпенің 63 700 дозасы – «Спутник-V» вакцинасы болса, 1000 дозасы – «QazVac», 9000 дозасы – «Hayat-Vax» вакцинасы.

Екпе салу пунктері ТШО қалашығында (2 пункт), қала базарлары мен ойынсауық орталықтарында, аудандарда ашылған.

Бүгінде облыс бойынша оның саны 41-ге жеткен. – Е к п е н і с а л д ы р у ж ө н і н д е жан-жақты үгіт-насихат жұмыстары ж ү р г і з і л г е н і м е н ә з і р г е о бл ы с халқының белсенділігі байқалмайды. Бұған әлеуметтік желілердегі екпе салдыртуға негізсіз әңгімелердің де кері әсер етіп отырғаны шындық. Сондықтан, оған тосқауыл қойып, в а к ц и н а ц и я л а уд ы ң п а й д а с ы н халыққа түсіндіру керек. Қазіргі таңда облысымызда бұл жұмыстар мұға лімдердің арасында дұрыс жолға қойылмаған. Сол себепті, баламен тікелей жұмыс жасайтын 15 мыңнан астам педагогтың тек 4578-і ғана екпе алған. Бұл бар болғаны 29 пайызд құрайды, – деді басқарма басшысы Асхан Байдуәлиев.

Жиын барысында аудандардағы ва к ц и н а ц и я л ау ж ұ м ы с т а р ы н ы ң жүргізілуі тексеріліп, облыс әкімінің орынбасары басқарма басшылары мен аудан, кәсіпорын өкілдеріне екпе салу жұмыстарын мейлінше қолға алуды қатаң тапсырды.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған