Жарнама
Медицина

Сал ауруынан сауығуға болады

Облыс орталығында сал ауруымен ауыратын балаларды оңалтуға арналған «Жұлдызай» жаңа медициналық орталығы ашылды. Атырау қалалық №7 емхананың үшінші қабатында орналасқан нысанда сала мамандары күн сайын 36 баланы емдей алады.

IMG_5441-30-11-18-03-59

Аталмыш орталықты атыраулықтарға «BI Group» компаниясының қайырымдылық қызметі ұсынды. Қордың жарнама менеджері Әсемгүл Мырзамбеттің айтуынша, мұнда терапиялық массаж, невропатологтардың қадағалауымен физиотерапия, жаттығу терапиясын қоса алғанда, қызметтердің толық кешені ұсынылады. Сондай-ақ, логопед-дефектолог, психолог, массаж, физиотерапия, эрготерапевт және невропатолог-реабилитолог бөлмелері бар. Тірек-қимыл аппаратының бұзылуын түзетуге мүмкіндік беретін заманауи тренажерлар мен техникалық құралдардан басқа, баланың  дамуына көп көңіл бөлінеді.

– Бүгінде елімізде сал ауруына шалдыққан балаларды оңалту – өзекті мәселе.  Мұндай ерекше балаларға қолдау көрсету мақсатында 2013 жылдан бері оңалту мен хирургиялық көмек бойынша медициналық-әлеуметтік жобаны жүзеге асырып келеміз. Астана қаласында 2 медициналық орталық пен 2 ерте оңалту бөлмесі және Алматыда 1 орталық жұмыс істейді. Бұған дейін бір жылда қазақстандық балаларға 111 ота жасалып, 224 қазақстандық дәрігерлер мен «Жұлдызайдың» мамандарына 28 оқыту шеберлік сабағы өтті, — дейді Әсемгүл Мырзамбет.

Айта кету керек, бүгінге дейін «Жұлдызай» медициналық орталықтарында оңалтудан өткен 1-13 жас аралығындағы 69 бала алғаш рет өздігінен жүре бастады.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

 

Related Articles

2 Comments

  1. Побольше должно в стране открываться больниц и госпиталей, стольким людям необходим стационар

  2. Еліміздегі ауруханалар мен емханалардың жай күйін түзесе, ауырған адамдар саны күрт төмендейтін еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button