Денсаулық жүйесі жетілдіріледі

20161024212601 Жаңалықтар

Елбасы жуырда денсаулық жүйесін жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдылық медицина саласына бірқатар жауапкершілікті жүктейтіні белгілі. Бұл ретте нақты қандай өзгерістер орын алады? Медициналық қызметті күшейтуде жаңа қандай әдіс-тәсілдер енгізіледі?

20161024212601

– Өзгерістер мен толықтырулар енгізілген аталмыш Заң еліміздің денсаулық сақтау. жүйесін одан әрі дамытуға ықпал етеді. Жаңа өзгерістер Елбасының бастамасымен 2020 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап іске қосылатын Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін де қамтыды. Заң негізінде «Медициналық көмектің ең төмен, базалық және қосымша көлемдері» нақтыланып, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсету мақсаттары, «Медициналық көмектің ең төмен, базалық және қосымша көлемдері» анықталды. Заңдағы 6-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес, азаматтардың алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымын, дәрігерді таңдауға құқығы бар, – дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалы директоры Байтолла Ғазизов.

Сондай-ақ, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету кезінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, мамандандырылған емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық препараттармен қамтамасыз ету жолдары да қарастырылды. Заң аясында медициналық сақтандыру жүйесіндегі көмектің де толық тізбесі анықталды. Жалпы, өзгерістер медицина саласының бұған дейінгі қол жеткізілген жетістіктерін одан әрі дамытуға және орын алған проблемаларды шешуге ықпал ететіні сөзсіз.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз