Елордалық дәрігерлер қызылшаға қарсы челлендж бастады

chellendzh Медицина

Елордалық емханалардың бас дәрігерлері қызылшаға қарсы вакцинациялауға шақыратын видеочеллендж түсірді.

Видеочелленджге 5-7 жастағы балалар түсірілген. Дәрігерлер ата-аналарды қызылшаға қарсы вакцина алуға шақыру миссиясында әр баланың денсаулығы өзіне тиесілі әрі маңызды екенін көрсетті.

Мектеп және мектеп жасына дейінгі балалар вакцинаны таңдайды деген сөзбен жалғастыра отырып, ересектерді екпе алуға шақырды. Бұл балалардың видео үшін таңдалуының да өзіндік сыры бар – олардың бәрі вакцинацияланған немесе 6 жасында қызылшаға қарсы жасына байланысты ревакцинациядан өткен.

Айта кетейік, елімізде қызылша ауруының артуы байқалады. Дәрігерлер балалардың денсаулығын тек вакцинация арқылы қорғауға болатынын кезекті рет еске салады.

Себебі, бұл көптеген жылдар бойы өзінің тиімділігін көрсеткен вирустық инфекцияның алдын алудың жалғыз шарасы.

El.kz 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз