Облыста 260 адам желшешек инфекциясын жұқтырды
Биыл қаңтар айында өңірде 259 адам желшешекті жұқтырған. Оның 237-сі —14 жасқа дейінгі балалар. Дегенмен көрсеткіш өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда 6%-ға төмен.
-Желшешек — жоғары жұқпалы вирустық инфекция, ол көбіне балалар арасында таралады. Былтыр 14 жасқа дейінгі балалардың 1693-і осы дертпен ауырған. Аурудың негізгі белгілері: денеде пайда болатын қызыл бөртпелер, дене қызуының көтерілуі және жалпы әлсіздік. Желшешек ауа арқылы тарайды, яғни, жұқтырған адаммен тікелей байланыста болғанда немесе оның жөтелуі мен түшкіруі арқылы вирусты жұқтырып алу мүмкіндігі бар, — деді Атырау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алтынгүл Аймұратова.
Былтыр өңірде желшешек жұқтырғандардың жалпы саны 1900-ден асқан. Дегенмен көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 2,7%-ға аз.
Өңірлік коммуникациялар қызметі