Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қалай жүруде?

0 34 Медицина

     atr.kz/17 қыркүйек, 2020 жыл.   Облыстық мәслихаттың Әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Күн тәртібінде қаралған мәселе – «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Атырау облыстық филиалының қызметі. Комиссия отырысына Атырау облысының әкімінің орынбасары Айгүл Әжіғалиева қатысты.

Елімізде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылғаны белгілі. Бұл –  халық денсаулығын қорғау саласында халық мүддесін әлеуметтік тұрғыда қорғайтын мемлекеттік жүйе.

Ал, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры – пациенттердің мүддесіне сай тиімді әрі сапалы медициналық көмекті стратегиялық сатып алумен айналысатын қаржылық орнықты ұйым.

Қордың Атырау облысы бойынша филиалының жыл басынан бері атқарған қызметі туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек баяндама жасады.

Тақырып төңірегіндегі түйткілдер, іске асырылу тетіктері туралы толығырақ газеттің келесі санынан оқи аласыздар.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз