Жарнама
Медицина

Метадон терапиясы – нашақорлықтан құтқаратын жол

Медицина саласында өзекті тақырып көп. Адам өміріне араша тұрумен қатар, түрлі жаман әдеттерге қарсы тұру да медицинаның маңдайына жазылған екен. Әлбетте,  жаман әдет дегеніміздің бірі – адам баласының есірткіге үйірсек болуы. Иә, бұл – әлемге кең тараған індеттің бірі. Ауыр қасірет. Елімізде де айтулы дертке қарсы тұру, тосқауыл болу ісі жүйеге келтіріліп, нақты шаралар жүзеге асып келеді. Нашақорларды емдеп-сауықтыруда елімізде «Метадон терапиясы» 2010 жылдан пайдаланыла бастады. Алайда, алты жыл өтсе де айналасында дау-дамай тоқтамай тұрған терапияны даттаушылар да, жақтаушылар да көп. Түсіндіру жұмыстарын күшейтсе де, ел ішінде күдігі мен күмәні басым. Бірақ, сала мамандары «Метадон терапиясының» оң нәтиже беретініне сенімді.

Атаулы мәселеге байланысты Атырауда «Аман-саулық» қоғамдық қоры ҚР Денсаулық сақтау  және әлеуметтік даму министрлігімен және ЖИТС-тің алдын алу және оған күрес жөніндегі республикалық орталықпен бірлесе отырып, «Орталық Азияның Еуразия қоры» халықаралық даму жөніндегі АҚШ Агенттігінің қолдауымен қоғамдық тыңдау өткізді. Жиынға облыс наркологтары мен қоғамдық ұйымдар, есірткіге тәуелді науқастардың ағайындары қатысты.

Толық нұсқасын газеттен оқи аласыз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button