Жарнама
МедицинаҚоғам

Жылыойлық дәрігерлер ес-түссіз жатқан жүкті әйелді құтқарып қалды

  Жылыойлық дәрігерлер жүкті әйелді өлімнен арашалап, аман алып қалды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, науқас күні бойы мазасызданып,  бел тұсының ауыруы шағымымен таңғы сағат төртте ТШО-ның реанимотология  емханасына жеткізілді.   

a5419e171520e31af7335bdad65ab32b0aa0e26b 800

Фото — 74.ru

         Денсаулығы күрт нашарлап, ес-түссіз жатып қалған  әйелдің бесінші балаға жүкті екені белгілі болды.  Ауыр халдегі науқастың ішінен қан кетіп, ол төрт литр қан жоғалтып үлгерді. Оның денсаулығы мүшкіл екенін білген ақхалаттылар жедел түрде ота жасап, жанын сақтап қалды.                                               

«Әйелдің қазіргі жағдайы тұрақты. Палатаға ауыстырылып, дәрігерлердің толық бақылауына алынды. Науқас 1988 жылы Түркістан облысының, Арыс поселкесінде дүниеге келген» делінген  басқарманың баспасөз қызметі хабарламасында.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button