74883003 2562358037317905 3238024815671508992 o

Атыраулық – әлем чемпионы (+ФОТО)

Жаңалықтар ФОТОГАЛЕРЕЯ Қоғам

Atr.kz/11 қараша, 2019 жыл. Жас грепплинг шеберлері әлем чемпионатында жеңіске жетті. Бүгін таңғы уақытқа қарамастан бір топ спорт мамандары спортшыларды әуежайдан салтанатты түрде күтіп алды.

8-9 қараша күндері Әзірбайжан астанасы Баку қаласында грепплинг UWW нұсқасы бойынша жасөспірімдер, кадеттер жəне ардагерлер арасында әлем чемпионаты өтті.

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында үш спортшымыз сынға түсіп, 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медальға ие болды. Ақар Исағалиев бастаған жерлестеріміз жүлделерді «No-Gi» бөлімінен алды.

16-17 жас аралығында 50 келі сламақта Фархат Ниетов барлық қарсыластарын тізу бүктіріп, әлем чемпионы атағына ие болды. Ал, 14-15 жас аралығында 66 келі салмақта Әділет Сәрсенбек ақтық сынға дейін жетіп, күміс еншілесе, 47 келіде Денихан Зубариев қола жүлдеге ие болды.

76232072 2562357993984576 3319611885577306112 o
74821016 2562358080651234 1016543262028070912 o
73043103 2562358360651206 910978184277655552 o
75406466 2562358510651191 4250004967005356032 o
74271755 2562358310651211 3700542018347335680 o
75271509 2562358173984558 1991478427080720384 o
73399878 2562358250651217 7851099053428310016 o

Дереккөз: «Atyrau Sport»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған