Жарнама
Медицина

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту»: биыл өңірде 5 медициналық нысан пайдалануға беріледі

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Атырау облысында құрылысы жоспарланған 18 медициналық нысанның 13-і салынды. Оның үшеуі 2023 жылы пайдалануға берілсе, өткен жылы 10 объектінің құрылысы аяқталды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев айтты, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

img 5673
Screenshot

Ал қалған 5 нысанды ел игілігіне осы жылдың алғашқы жартыжылдығында тапсыру жоспарланып отыр.Олар: Құрманғазы ауданындағы Жамбыл, сондай-ақ, Қызылоба және Көптоғай ауылдарындағы фельдшерлік-акушерлік пунктер мен Қызылқоға ауданындағы Жантерек, Жамансор ауылдарындағы медициналық пунктер.

img 5671 1
Screenshot

Қазіргі уақытта бұл жобадан бөлек 4 медициналық нысанның құрылысы тағы жүріп жатыр. Оның үшеуін биыл пайдалануға беру жоспарланған. Сонымен қоса осы жылы Атырау қаласына қарасты Алмалы және Береке ауылында бір ауысымда 25 науқасты қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталады.

img 5668 1
Screenshot

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button