Атырау облысында бір тәулікте 416 адам Covid-19 жұқтырған

Медицина

Қауіпті инфекцияның таралуы Теңіз кен орнында, Жылыой ауданында байқалып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 416 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 258 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 60 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында 34 науқас, Индер ауданында – 11, Исатайда – 15, Қызылқоға ауданында – 12, Құрманғазы ауданында – 15, Мақат ауданында – 2, Махамбет ауданында – 9 адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 259 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 157 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 259 адам емделді.

Қазір 5 819 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 173, екінші облыстық ауруханада – 179 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта – 105, кардиоорталықта – 108, т/ж ауруханасында – 107 адам ем алуда,
аудандық инфекциялық стационарларда – 409, облыстық ауруханада – 130, жатақханада – 142, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 323 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз