Жарнама
Медицина

Атыраулық “103” бригадасы республикалық чемпионатта жеңіске жетті

Жуырда Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында медициналық жедел жәрдем бригадалары арасындағы республикалық чемпионат өтті. Аталған додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген үздік мамандар қатысып, кәсіби шеберліктерін ортаға салды.

Атырау өңірінің намысын облыстық жедел жәрдем стансасы директорының уақытша міндетін атқарушы Наргиз Әбдірахманова, директордың медициналық көрсетілген қызметтер сапасын бақылау жөніндегі орынбасары міндетін атқарушы Анар Әубәкір, фельдшерлер – Мейрамгүл Кұрмашева, Сұлтан Меңдіғалиев және Тұрарбек Жақсымбетовтен құралған команда қорғады.

Нәтижесінде, Атырау қаласы PHTLS станциясы бойынша І орынға ие болды!

-Бұл жеңіс – атыраулық дәрігерлер мен фельдшерлердің кәсіби шеберлігінің, табандылығы мен үздіксіз еңбегінің жемісі. Сондай-ақ ұжымдық бірлік пен өз ісіне деген адалдықтың айқын дәлелі болып отыр, — делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хабарламасында.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Олардың бұл жетістігі – атыраулық ақ халаттылардың мерейін үстем етіп қана қоймай, жас мамандарға үлгі болары сөзсіз.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button