Атырауда қатерлі ісікке қарсы күрес күніне орай «Ашық есік» акциясы өтті

img 5914 Жаңалықтар

Атырау облыстық онкология диспансерінде өткен іс-шараға 194 адам қатысып, онкологтардың қабылдауында болды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Дәрігерлердің нұсқауы бойынша қабылдауда болғандардың 64-не компьютерлік томография (КТ), 42-не ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ), 50-не рентген, оның ішінде 45-не маммография, бесеуіне рентгенография жүргізілді.

img 5915
  • Бүгін біздің ауруханамызда халықаралық қатерлі ісікке қарсы күрес күніне орай ашық есік күні өтуде. Тұрғындар ешқандай жолдамасыз онколог мамандардан кеңестер алып, тексерілуде. Дәрігерлік қабылдау кезінде қатерлі ісікке күмәнді 8, ал қатерлі ісік алды 21 жағдай тіркеліп отыр және 150-ге жуық адамнан басқа да аурудың түрлері анықталды, – деді Атырау облыстық онкология диспансері емхана бөлімінің меңгерушісі Анар Кайседенова.

Сондай-ақ, ашық есік күніне қатерлі ісікпен күресіп, оны жеңіп шыққан Талшын есімді қала тұрғыны келіп, дертпен қалай күрескені туралы айтып өтті.

  • Қатерлі дертпен күресу оңай емес. Оған ең алдымен сенім, үміт және жақындардың қолдауы қажет. Ем-домда оң өзгерістер байқалғасын, жақсылықты үркітіп алмайын деп жүрмін. Тұрғындарға арналған осындай ашық есік күндері, скринингтік тексерістер жаман аурудың алдын алады, тек сол мүмкіндікті халық өткізіп алмаса екен,- деді ол.

Айта кетейік, бүгінде Атырау облыстық онкология диспансерінде 5 мыңнан аса науқас есепте тұр. Былтырғымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 9,2 % өскен. Қатерлі ісікпен сырқаттанушылық құрылымында 1-ші орында сүт безі обыры, одан кейін өкпе, тоқ ішек, жатыр мойны қатерлі ісіктері тұр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз