«САПАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ – БАСТЫ НАЗАРДА»

ropopoporpopopop Жаңалықтар

Atr.kz/2 тамыз, 2019 жыл. Осындай тақырыппен «Atyraý» газеті редакциясында 6 тамыз күні сағат 15.00-16.00 аралығында өтетін «Қауырт желіде» облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Темірбек Сарымұлы МҰСАҒАЛИЕВ байланысқа шығады.

Қауырт желі кезінде адам денсаулығына әсер ететін тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігі, медициналық
қызметтердің жай-күйі, дәрі-дәрмек айналымы, оның ішінде дәріханалардағы бөлшек сауда бағасын бақылау, халықтың санитарлықэпидемиологиялық жағдайын жақсарту туралы көкейде жүрген сұрақтарыңызға жауап алуға мүмкіндік бар.

Сауалдарыңызды алдын-ала +7-701-175-89-89 WhatsApp байланыс желісіне, аtyrau_gazeti@mail.ru электронды поштасына жолдай аласыз.

6 тамыз күні сағат 15.00-16.00 аралығындағы тікелей байланыс нөмірі – 8 (7122) 58-63-91.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз