Жарнама
Медицина

Атырау облысында 700-ден астам тұрғын туберкулез ауруына шалдыққан

Жыл сайын жаңадан анықталып келе жатқан науқастар азайып келеді. Алайда, балалар мен жасөспірімдер арасындағы көрсеткіш төмендемей тұр.

Облыстық фтизиопульмонология орталығының директоры Жаңабай Сағиевтің айтуынша, дүниеге келген шақалақтардың 5-10 пайызы құрт ауруына қарсы егілмей қалады. Бұл – республикадағы жоғары көрсеткіштердің бірі.

– Балаларына манту сынамасын салдырмайтын ата-аналар бар. Олар, әсіресе, латентті туберкулезге қарсы ем алғысы келмейді. Рас, бұл әлі толыққанды туберкулез емес. Бірақ, латентті туберкулез бактерияларын жұқтырған адам кейін бәрібір ауырады. Сондықтан ем қабылдау қажет. Соны көбісі түсіне бермейді, — дейді дәрігер.

Манту – ағзада туберкулез жұқпасының баржоғын көрсететін сынама. Ол туберкулезді зерттеумен айналысқан француздық дәрігер Шарль Манту есімімен аталған. Манту сынамасын орындау кезінде дәрігер тері астына туберкулин (туберкулез микробактериясының сығындысы) жібереді. Дәрі жіберген жерге туберкулез қоздырушыларымен байланыста болған лимфоциттер ғана бағытталады. Дәрігер үш күн өткен соң терінің тығыздалуының өлшеміне қарап, туберкулездің баржоғын анықтайды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button