Жарнама
Медицина

Ақылдан алжасудың негізгі себебі анықталды

Канаданың Психикалық саулықты зерттеу орталығының ғалымдары алкогольді үнемі пайдалану жарыместіктің барлық түрінің даму қаупін арттыратынын анықтады. Зерттеу қорытындысы MedicalXpress журналында жарияланды.
455974_17548_1

 Мамандар Францияда тіркелген ерте деменцияның 60 мың жағдайын сараптаған. 57 пайыз жағдайда бұл ер адамдардың күніне 60, ал әйелдердің 40 грамм этанол қабылдауына байланысты болғаны анықталды. Осылайша, ұзақ мерзімді алкоголизм жарыместіктің жас кезде де пайда болуына соқтыратынын көрсетіп отыр.Зерттеушілердің сөзінше, ішімдікті жиі пайдалану адам өмірін 20 жылға дейін қысқартады екен. Ішімдікке әуестіктен жарыместікке әйелдер көбірек шалдықса, ал ер адамдар когнитив ауытқулардан жиі зардап шегетін болып шықты.

Сонымен қатар, ішімдікке әуестік шылым шегу, қан қысымының жоғарлығы, диабет, депрессия мен естудің нашарлауы сияқты деменцияға түрткі болатын өзге де факторлармен байланысты екен.

Хорлан Смадияр

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button