Жарнама
Мәдениет

Махамбет театры маусымжабар концертін ұсынды

Атырау қаласындағы 87 жылдық тарихы бар Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры бірегей шоу-бағдарламаны халық назарына ұсынды. Гала-концерт “Бейбарыс” алаңында өтті. Бағдарлама барысында түрлі спектакльден үзінділер көрсетілді. Әсіресе поэтикалық арнау халықтың жүрегіне жетіп, жон арқадан құмырсқа өткендей әсер қалдырды.

Рухани кеште әртістер көне замандағы халықты еске түсіріп, батырлардың жыр-термесімен көк аспанды жаңғырта білді. Халықпен кері байланыс орнатып, театр туралы сұрақтарды қою арқылы ойын ойнатып, спектакльге билеттер таратты.

Заманнан қалыс, жастардан алыс қалмай, жаңашыл спектакльдердегі ән мен билер арқылы жұртты еліктіре білді. Концерт соңында жүргізушілер көпшілікке “шабыт алыңыздар!” деп, мамыражай жаздың әсем кешін сыйлай білді.

Нұрлыгүл ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button