Балғын әншілер байқауы

img 20220531 wa0122 Мәдениет

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Балаларды қорғау күніне арналған XV қалалық «Бала бұлбұл-2022» жеке эстрадалық ән орындаушылар сайысы өтті.

Байқауда іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен 35 өрен бағын сынауға мүмкіндік алды. Сайыс жас ерекшеліктеріне қарай үш кезеңде өтті. Балғын әншілер бірінші патриоттық тақырыптағы әнді шырқаса, екінші әнді таңдауына қарай орындады. «Бала тілі – бал» дегендей, әр бүлдіршіннің сызылта ән салғаны жүректі елітіп, ерекше әсер қалдырды.

Сайыс жоғары дәрежеде өтті. Қатысушылар көрермендерді және қазылар алқасын әнді орындау шеберлігімен, ерекше киім үлгісімен, репертуар мазмұнымен таңқалдырды. Байқауға Н.Жантөрин атындағы облыстық филармониясының әншісі Артур Борисенко,  «Д.Нұрпейісова атындағы музыка Академиясы» Атырау музыка  колледжінің ән-хор мамандығының оқытушылары, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаттары – Нұргүл Нұрмұханова және  Айбол Баймұқатов төрелік етті. Олар әр үміткердің өнерін сарапқа салып, жүзден жүйріктерді анықтады.

5-8 жас. І орын – Аяулым Сунатила, II орын – Айша бибі Хинолла,  III орын –Айша Бауыржанқызы, Милана Бейім.

9-12 жас. І орын – Манас Мақсат, II орын – Темір Ұлпан, III орын – Ерасыл Каус, Нұршат Кусанова.

13-15 жас. І орын – Сабира Тұрлыбаева, II орын – Берекет Эдуардұлы, III орын – Жолжан Жазира, Ақтілек Бекболат.

Ал, Айдай Ахмедияр, Бақытбек Берікұлы, Ару Салауат арнайы дипломға ие болды.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз