Елбасы тарихшыларға үндеу жасады

Raysa Tastemirova 2 Мәдениет

Ұлт Көшбасшысы  «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының «Архив – 2025» тарауында мың күнге татитын күндер мен жүз жылға татитын жылдардың шежіресін сақтау  мәселесі көтерілген.

Райса-Тастемирова-2

Бұған дейін де Атырау облысы мемлекеттік архиві қорларды аса құнды  құжаттармен толықтыру және жаңа қор ашу бағытында Қазан, Уфа, Орынбор мемлекеттік архивтеріне ғылыми-зерттеу экспедициясын ұйымдастырып,   өлке тарихына қатысты  құнды құжаттар әкелген болатын.

Төл тарихын білетін, бағалайтын ұрпақтың болашағы зор болады. Сондықтан бұл – бүгінгі болмысымызды сараптап, болашағымызды бағамдауға арналған үндеу. Оның стратегиялық маңызы зор. Елбасы ұсынып отырған жобаны жүзеге асыру барысында отандық және шетелдік ірі архивтермен өзара жүйелі әрі ұзақ мерзімді ықпалдастықта болып, іздеу-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне баса мән беруі,  архивтер алдына нақты да, тұжырымды тапсырмалар  қойып отыр. Енді алдымызда көптеген тарихи құнды деректерді ашу міндеті тұр.  Бұл – Елбасының тарихқа деген зор құрметі.

Мемлекеттігіміздің тамыры көне тарихтан көрінетін болғандықтан, шетел архивтерінің қорларында сақталған қазақ халқының шежіресінен сыр шертетін тың деректер, қолжазбалар көп. Осынау қорды сақтайтын жайлы ғимараттың болмауы біраздан бері шешілмей жүрген мәселе еді. Бүгінгі күні  облыс әкімдігінің қолдауымен заманауи жабдықталған архив үйінің бой көтеретіні белгілі болып отыр.

Еліміздің, оның ішінде өлке тақырыбында ақиқатты ғана айтатын тарихқа ынта-ықыластың күрт өскендігі, архивке келген зерттеушілер легінен көрінеді.

Аса құнды тарихи құжаттардың жиынтығының мол болуы – халықтың тарихи зердесін қайта түлетудің негізі, ұлттық бірлікті қалыптастырудың, азаматтылық пен елді құрметтеуге тәрбиелеудің аса маңызды факторларының бірі болып қала бермек.

Райса ТАСТЕМІРОВА,

облыстық мемлекеттік архивтің бөлім басшысы.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз