Жарнама
Мәдениет

КҮМБІРЛЕП КҮЙ ТӨГІЛДІ

Байқауға Петропавл, Ақтау, Алматы, Астана және Атырау қалаларынан өнер ұжымдары қатысты. Бәйге шарты екі кезеңнен тұрды. Қорытындысында үшінші жүлделі орынды Астана қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік филармониясы» симфониялық оркестрінің дирижері Дамир Сансызбаев пен М.Өскенбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының А.Тарақұлы атындағы ұлт-аспаптар оркестрі және «Ақжарма» фольклорлық ансамблінің әртісі Бауыржан Көбенғалиев өзара бөлісті.
Екінші жүлделі орыннан Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясы «Сегіз сері» атындағы оркестрдің дирижері көрінді. Жүлделі бірінші орынға атыраулық Н.Жантөрин атындағы облыстық филармониясы «Нарын» фольклорлық оркестрінің дирижері Сая Жұмашева лайық деп танылды. Ал, бас жүлде иегері Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының 4-курс студенті алматылық Абылай Тлепбергенов атанды.
Байқау соңында жеңімпаздарды құттықтаған облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы Алтынбек Нысанғалиев ризашылығын білдіріп, С.Құсайыновтың жұбайы Раушан Түсіпбекқызына дирижерлік өнердің өркендеуіне зор үлес қосқан тұлғаның бейнесі салынған портрет пен естелік сыйлықтарды ұсынды.

Валентина ТӨЛЕКОВА,
Дина Нұрпейісова атындағы академиялық оркестр басшының көмекшісі,
ҚР Мәдениет қайраткері.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button