Ауған соғысы туралы кітап жарыққа шықты

a684eceee76fc522773286a895bc8436 Мәдениет

«Ауған соғысы ардагерлеріне мәңгілік тағзым». Ауған соғысына қатысып, хабарсыз кеткен жауынгерлер мен соғыс ардагерлері туралы жазылған жаңа кітаптың аты осылай деп аталады. Жинақтың тұсаукесер рәсімі облыстық мемлекеттік архив пен қорғаныс істері жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен өтті.

a684eceee76fc522773286a895bc8436

Кітапты құрастырушы ведомстволық мұрағаттарды қалыптастыру және бақылау бөлімінің архивисі Жанат Жетпісбаева он тараудан тұратын жинақ материалдары облыстық мұрағат қорынан алынғанын  айтты. «Егер құжаттамалық тәртіппен сөйлесек, архив тілінде әдеби-көркем туынды жасалмайды. Қордағы құнды мәліметтер, фотосуреттер мен тарихи айғақтарды түгелге жуық жинақтап алған соң, ақпараттарды мұрағат тілімен ғана баяндайды. Біз де сол архив тәртібінен ауытқыған жоқпыз. Бұдан бірнеше жыл бұрын басталған зерттеу енді ғана оқырманға жол тартты. Кітапта 1979-1989 жылдар аралығындағы Ауғанстан Республикасындағы әскери операциялар мен жауынгерлік қимылдар күнтізбелік ретпен, әр жылға, айға бөлініп жарияланды. Сондай-ақ, әр аудан бойынша атыраулық интернационал-жауынгерлердің өмірбаяндары фотосуреттерімен қоса берілді» деген ол, ауған жерінде қаза болған және хабарсыз кеткен жерлестерімізге арнайы тарау арналғанын айтты.

Жауынгерлерге құрмет көрсете отырып, өскелең ұрпақ бойында патриоттық сезімді дамытуға арналған шараға Ауған соғысы ардагерлері, әскери бөлім сарбаздары, ұстаздар мен мектеп оқушылары қатысты.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз