Бажанов бояулары

Бажанов бояулары Жаңалықтар

Отбасылық жылылық пен туыстық қатынастар, салт-дәстүрлер мен туған жерге деген сүйіспеншілік – бұл белгілі қылқалам шебері Анатолий Бажановтың негізгі тақырыптары. Осыдан екі жыл бұрын Алматыда Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде «Ақжайық жағалауы сыр шертеді» атты көрмесінде суретші туындылары көрермен назарына ұсынылған еді.

Бажанов бояулары

Жақында Атырау қаласының тұрғыны Наталья Ионова Ш.Сариев атындағы өнер мұражайына  суретші Анатолий Бажановтың «Күнбатыс», «Пейзаж» деп аталатын екі туындысын табыстады. Бұған дейін қылқалам шеберінің мұнда үш туындысы сақталған. Суретшінің туысы Н.Ионованың айтуынша, бұл туындыларды осыдан жиырма жыл бұрын анасының туған күніне қылқалам шебері сыйлаған екен.

Қорға қабылданған жәдігерлер Наурыз мерекесі қарсаңындағы «Музей түні» шарасында көпшілік назарына ұсынылады.

Бақытжан ХАМИТҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз