Жарнама
Мәдениет

Атыраулық тарихи-өлкетану музейі Орал қаласында көрме өткізді

Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанованың туғанына 100 жыл толуына орай Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі Орал қаласында «Есімі аңызға айналған қазақтың батыр қызы» атты көшпелі көрмесін өткізді, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Орал қаласындағы Батыс Қазақстан тарихи-өлкетану музейінде жасақталған көрмеде Хиуаз Доспанованың ерлігі насихаталды. Іс-шарада арнайы жасалған экспозициялық қабырғаларда «Қанатты қыздың» жеке және отбасы мүшелерімен, тума-туыстарымен, жауынгер достарымен түскен суреттері, майдан хаттары, еңбек еткен жылдарында иеленген марапат қағаздары көрермен назарына ұсынылды.

-Көрермендер көрмеден соғыс жылдары пайдаланылған әскери киімдер, жауынгер құралдары мен майдан шебінде қолданыста болған радио, телефон, тылдан жіберілген қолғап-шұлықтардың үлгілерін тағы басқа заттай бұйымдарды тамашалай алды, деді Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Ерлан Тілекқабылов.

Сондай-ақ, көрмеде жазушы Әбу Сәрсенбаевтың батыр қызға жазған хаты мен қаһарман тұлға туралы жазылған мақалалар топтамасы да ілінген. Көшпелі көрмеде өңіріміздің айбынды перзенттері, «Кеңес Одағының Батыры» атанған Қайырғали Смағұлов, Боран Нысанбаев, Мұса Баймұханов, Георгий Канцев, Мұқат Мусаев, Александр Афанасьев, Филипп Мазуров, Иван Махориндер және «Даңқ» орденінің толық иегерлері Шүкір Еркінов, Ғизат Алипов, Евгений Полынин, Сақып Қызылов, Гаврийл Шаминдер туралы деректер қойылды.
Бұған дейін Нұр-Сұлтанда, Алматы және Ақтөбе қалаларында өткізілген мұндай іс-шара күз айларында өңіріміздің 7 ауданында да жалғасын табады деп күтілуде.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button