Атырауда мәдениет саласының қызметкері сотталды

2021021110155314185 lombard muzykalnyy apparat Құқық

Атырау облысында мемлекет мүлкін талан-таражға салғаны үшін мәдениет саласының қызметкері 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Атырау қаласында «Атырау облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығы» КМҚК-ның қызметкеріне қатысты ҚР ҚК 189-б. 4-б. 2-т. бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

Аталған қызметкер қызмет бабын пайдалана және материалдық жауапты тұлға бола отырып, өзіне сеніп тапсырылған аса ірі мөлшердегі мемлекет мүлкін талан-таражға салу әрекетін жасаған. Яғни, жалпы құны 70,9 млн.теңге болатын музыкалық аппраттарын иемденіп, ломбардқа өткізген және өз таныстарына төмен бағаға сатқан.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 50,9 млн теңгені құрайтын келтірілген мүліктік залалдың 70%-ы өтелген.

Атырау қаласы №2 сотының үкімімен кәсіпорын қызметкері кінәлі деп танылып, оған қатысты 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

«zakon.kz»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз