Мәдени мұралар – ҰЛТТЫҢ ТАРИХЫ (+фото)

img 20220418 wa0007 Мәдениет

Ұлы даладағы тарихи-мәдени ескерткіштер – ұлттың байлығы. Халқымыздың өткенінен сыр шертетін қастерлі мұра екені даусыз. Мұнайлы өңірде де өткеннің сайраған ізіндей, көненің көзіндей тарихи және мәдени орындар бар. Осы орайда Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының басшысы Мұхамбетқали КИПИЕВПЕН кездесіп, облыстағы тарихи-мәдени ескерткіштердің жай-күйі туралы білген едік.

Contents
  1. АТАУЫ ӨЗГЕРГЕНІМЕН, МІНДЕТІ БҰРЫНҒЫША
  2. – Мұхамбетқали Қуанышқалиұлы, өзіңіз басшылық ететін мекеме облыстағы тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғайтын құрылым ретінде көпшілікке белгілі. Бұған дейін мекеменің атауы «Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясы» деп аталған еді. Ал, қазір «тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы» болып өзгеріпті. Атауы өзгерген мекеменің қызметі мен міндеттерінде ерекшеліктер бар ма?
  3. – Демек, биыл мекеменің құрылғанына 30 жыл болыпты ғой… «Өткенді білмей, болашақты болжау қиын» дегендей, мекеменің отыз жылдық тарихына тоқталсаңыз…
  4. ТАРИХ ҚОЙНАУЫНДАҒЫ ҚҰТТЫ МЕКЕНДЕР
  5. – Еліміздің өткен тарихынан сыр шертетін тарих және мәдениет ескерткіштері біздің өңірімізде де аз емес. Қазіргі уақытта Атырау облысы бойынша олардың саны қанша?
  6. – Тарихи-мәдени мұра объектілерін есепке алу жұмыстары бойынша қандай шаралар атқарылуда? Оларды анықтау бойынша далалық зерттеу жұмыстарының орны ерекше. Жалпы өңірде тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін зерттеу ісі жайында кеңірек айтсаңыз…
  7. «ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН»: ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН
  8. – Тарих және мәдениет ескерткіштерін насихаттау бағытындағы жұмыстар туралы да айтсаңыз…
  9. – Мұхамбетқали Қуанышқалиұлы, мәдени мұралар – ұлттың тарихы екені даусыз. Ендеше, биылғы ұлттық құндылықтарды зерттеу бағытындағы жұмыс жоспарымен бөліссеңіз…
  10. – Сұхбатыңызға рахмет.

АТАУЫ ӨЗГЕРГЕНІМЕН, МІНДЕТІ БҰРЫНҒЫША

– Мұхамбетқали Қуанышқалиұлы, өзіңіз басшылық ететін мекеме облыстағы тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғайтын құрылым ретінде көпшілікке белгілі. Бұған дейін мекеменің атауы «Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясы» деп аталған еді. Ал, қазір «тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы» болып өзгеріпті. Атауы өзгерген мекеменің қызметі мен міндеттерінде ерекшеліктер бар ма?

– Жалпы, мекеме атауы құрылған кезеңнен бастап бірнеше өзгеріске ұшырады. Мысалы, ол алғаш рет 1992 жылдың 5 мамырында облыстық тарихи-өлкетану музейінің тарихи[1]мәдени ескерткіштерді қорғау бөлімінің негізінде «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясы» атауымен құрылды. 1999-2005 жылдары «Тарихи-мәдени мұраны қорғау» кәсіпорны болып аталды, ал 2005-2019 жылдар аралығында «Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясына» өзгерді. 2019 жылдың маусымынан бастап «Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығына» ауысты. Мекеменің атауы өзгергенімен оның атқаратын қызметінің басты және негізгі бағыты – тарихи-мәдени мұра объектілерін, ескерткіштерін сақтау, зерттеу жұмыстары сол күйінде қалды. Ал, мекеменің зерттеу орталығы болып құрылуы тарихи[1]мәдени мұра объектілерін анықтау, есепке алу, зерттеу жұмыстарын одан әрі жандандыруға жол ашты. Осы бағытта 2020 жылы 5-ші қаңтарда орталыққа Мәдениет және спорт министрлігінен тарих және мәдениет ескерткіштеріне археологиялық жұмыстарды жүзеге асыруға арналған лицензия берілді. Соның негізінде тарихи және мәдениет ескерткіштеріне қатысты барлық жұмыстарды ( е с к е р т к і ш т е р д і з е р т т е у , қорғау аймағын анықтау, қазба жұмыстарын жүргізу, т.б.) орталық мамандары өздері атқара бастады.

52.aqmeshit pen ushqan ata qorymdaryn quzhattau 3

– Демек, биыл мекеменің құрылғанына 30 жыл болыпты ғой… «Өткенді білмей, болашақты болжау қиын» дегендей, мекеменің отыз жылдық тарихына тоқталсаңыз…

– Ең алдымен орталық облыстық деңгейдегі мәдениет ұйымдардың ішінен «ең жасы» болып табылатындығын айта кеткен жөн. Егемен еліміздің « қ ұ р д а с ы » с а н а л а т ы н мекеменің 30 жылдық тарихын салыстырмалы түрде талдасақ оның құрылу, қалыптасу және даму кезеңін көруге болады. Ж а с ы р а т ы н ы ж о қ , 9 0 – ж ы л д а р ғ а қ а р а ғ а н д а , еліміздегі тарихи-мәдени мұраға мемлекеттік тұрғыдан мән беру 2004 жылы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының қабылдануымен басталды. Алғаш рет 4 адамнан тұратын мекеме штаты осы кезеңде 15 адамға дейін өсті. Штаттың өсуі тарихи-мәдени мұраға қызығушылық танытқан жас мамандардың жұмысқа келуіне жол ашты. Сонау кеңестік кезеңнен бері келе жатқан республикалық және жергілікті маңызы бар ескерткіштердің тізімі нақтыланып, құжат бойынша олардың бар-жоғын тексеру үшін қала мен аудандарға арнайы іссапарлар ұйымдастырылды. Ал, 2012 жылы мекеме «Қазақ ескерткіштану мәселелерінің 2-ші республикалық симпозиумын» ұйымдастырып, салаға қатысты республикалық мамандардың басын қосты. 2012-2013 жылы Атырау облысының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы қала мен аудандарға бөлініп, 4 томдық кітап ретінде ж а р ы қ к ө р д і . М е к е м е н і ң ұйымдастыруымен 2012-2014 жылдары облыстағы бірнеше ескерткішке реставрациялық және археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. 2014 жылдан бастап мекеме алғаш рет жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне тұрақты түрде мониторинг жүргізуді қолға алды. Сондай-ақ, осы жылдан бастап мекеме мамандарының күшімен облыс аумағынан жаңадан тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, ескерткіштерді құжаттау жұмыстары басталды. Зерттеу жұмысының бір бағыты өлке тарихына қатысты деректерді іздестіру бағытында жүргізіліп, археографиялық экспедициялар нәтижесінде жинақталған материалдар негізінде деректер жинағы мен өзге де басылымдар жарық көрді. Мекеме қызметінің алға басып жандануына оған әр кезеңдерде басшы болған Ізбасар Ықсанғалиев, Ербол Мұхамбетов, Ө т е п б е р г е н Ә л і м г е р е е в , Ғабденнафих Ғұмаров, Қойшығұл Жылқышиев, Ғалымжан Ысқақов сияқты азаматтар өз үлестерін қосқандығын айта кеткен жөн. Мекеменің құрылғанына 30 жыл толуына орай шежіре кітабын шығаруды жоспарлап отырмыз. Онда мекеменің құрылған күнінен бастап бүгінге дейінгі тарихы, атқарған қызметі туралы толық ақпараттар мен фотосуреттер көрініс табады.

53.arab эpigrafikasymen zhazylgan qulpytastardy arnajy oqu 2

ТАРИХ ҚОЙНАУЫНДАҒЫ ҚҰТТЫ МЕКЕНДЕР

– Еліміздің өткен тарихынан сыр шертетін тарих және мәдениет ескерткіштері біздің өңірімізде де аз емес. Қазіргі уақытта Атырау облысы бойынша олардың саны қанша?

– Биылғы қаңтар айындағы есеп бойынша Атырау облысы бойынша барлығы – 1388 тарих және мәдениет ескерткіштері мен тарихи-мәдени мұра объектілері тіркелген. Оның ішінде – 4 нысан республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген болса, 313-і жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші ретінде мемлекет қорғауына алынған. Сонымен қатар, 1071 объект алдын-ала есепке алу тізіміне тіркелген. Нақтырақ айтсам, республикалық маңызы бар нысандар – Атырау қаласындағы Мұнайшылар тұратын қалашық, Жылыой ауданындағы Жұбан кесенесі, Индер ауданындағы Махамбет Өтемісовтың жерленген жері және Махамбет ауданындағы ортағасырлық Сарайшық қалашығы.

img 20220418 wa0011

– Тарихи-мәдени мұра объектілерін есепке алу жұмыстары бойынша қандай шаралар атқарылуда? Оларды анықтау бойынша далалық зерттеу жұмыстарының орны ерекше. Жалпы өңірде тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін зерттеу ісі жайында кеңірек айтсаңыз…

– Тәуелсіздік алған жылдардан кейін өлке тарихының жаңа беттері ашылып, әртүрлі ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді. Өлке тарихына қатысты археологиялық, этнографиялық, эпиграфиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуде елімізде қабылданған «Мәдени мұра» және «Рухани жаңғыру» бағдарламалары негіз болды. Өткен ғасырдың 50-жылдарынан бастап облыс аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеу ісінде Ә.Марғұлан, А.Мелентьев, Л.Галкин, А.Итенов, З.Самашев, С.Әжіғали, М.Касенов сияқты ғалымдар өз үлестерін қосты. Одан кейінгі уақытта бұл жұмыстарға Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі мен бұрынғы Атырау облыстық тарих және археология орталығы мамандары да өз үлестерін қосты. 2014 жылдан бері бұл жұмыстармен мекеме мамандары айналысып келеді. Егер соңғы 10 жылды алып қарасақ, мекеменің ұйымдастыруымен 2014-2015 жылдары Индер ауданындағы Қызылқабақ қорғанына қазба жұмысы жүргізіліп, 2014-2019 жылдар аралығында жыл сайын облыс аумағынан жаңадан археологиялық ескерткіштерді анықтау жұмыстары жүргізілді. 2020 жылы мекеме археологиялық жұмыстарды жүргізуге құқық беретін лицензия алғаннан кейін бұл жұмыстарды өз күштерімен жүргізіп келеді. Былтыр орталық Мақат ауданындағы ортағасырлық «Тас кешу» керуен-сарайына археологиялық қазба жұмысын жүргізді. Ең бастысы, қазіргі уақытта орталықта бірнеше жылдық іс-тәжірибесі бар тарихшы, археолог, арабтанушы мамандар қызмет істейді.

img 20220418 wa0004

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН»: ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН

– Тарих және мәдениет ескерткіштерін насихаттау бағытындағы жұмыстар туралы да айтсаңыз…

– Иә, ескерткіштер елдің тарихы мен өткенінен сыр шертетін құнды мұра. Оны зерттеу арқылы елдің өткені мен бүгінін саралап, келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие берудің маңызы зор. Осы орайда өлкенің тарих және мәдениет ескерткіштерін насихаттау мақсатында мекеме тарапынан бірқатар басылымдар жарық көрді. Олардың қатарында кітаптар мен деректер жинақтары, к і т а п ш а л а р , б ү к т е м е л е р , карталар және т.б. басылымдар бар. Бұл басылымдар мекеме м а м а н д а р ы н ы ң к ө п т е г е н зерттеу экспедициялары мен археографиялық зерттеулерінің нәтижелерімен басылып шықты. Кітаптарға қызығушылық танытқан адам облыстық және аудандық кітапханалардан таныса алады. Облыстың тарихи-мәдени мұра объектілері мен тарих және мәдениет ескерткіштерін насихаттау, зерттеу және сақтау бағытындағы жұмыстармен танысу мақсатында «atyrau-hertage.kz» атты мекеменің сайты ашылды. Сонымен бірге, мекеме тапсырысымен Атырау облысы аумағындағы тарихи-мәдени мұра объектілерінің 75-не QR-код тақтайшалары қондырылды. Мұнда ескерткіш туралы мәліметтер үш тілде берілген. Бұдан басқа 2020 жылы «тарих және мәдениет е с к е р т к і ш т е р і м е н к и е л і жерлер туралы интерактивтік картасы (электрондық карта)» жасақталды. Оған облыстағы танымал деген 50 ескерткіштің мәліметі енгізілген. Насихаттау жұмыстарының б і р б а ғ ы т ы м е к е м е н і ң ф е й с б у к т а ғ ы ә л е у м е т т і к п а р а қ ш а с ы н д а т ұ р а қ т ы жарияланады. Бұған қосымша м е к е м е м а м а н д а р ы г а з е т беттерінде ғылыми, ғылыми-танымдық мақалалар жариялауды күн тәртібінен түсірген емес.

img 20220418 wa0005

– Мұхамбетқали Қуанышқалиұлы, мәдени мұралар – ұлттың тарихы екені даусыз. Ендеше, биылғы ұлттық құндылықтарды зерттеу бағытындағы жұмыс жоспарымен бөліссеңіз…

– Жыл сайын біздің мамандар облыс аумағындағы тарих және мәдениет ескерткіштерінің с а қ т а л у ж а ғ д а й ы н қ а р а у м а қ с а т ы н д а м о н и т о р и н г жүргізіп отырады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, маусым-шілде айында осы жұмыстар жасалады. Е с к е р т к і ш т е р д і с а қ т а у бағытында биыл Исатай ауданы Аққыстау ауылы маңындағы Таскран шекаралық белгісін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарланды. Сондай-ақ, осы жылы ескерткіштердің қорғау аймақтарын анықтау м е н қ о р ғ а у т а қ т а л а р ы н орнату іс-шаралары да басты мақсатымыз. Зерттеу бағытына келсек, ортағасырлық Сарайшық қалашығы мен Қызылқоға ауданы аумағындағы Тасқара қорғанына археологиялық қазба жұмыстары мен Мақат ауданының аумағында кешенді этноархеологиялық зерттеу экспедициясын және «Атырау өңіріндегі мешіт, медреселер мен мектептер» тақырыбында зерттеу жұмыстарына да кірісеміз. Сонымен бірге, биыл тарихи[1]мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізімінде тұрған объектілерге тарихи-мәдени сараптама жүргізіледі. Соның нәтижесінде мемлекеттік тізімдегі ескерткіштердің қатарына жаңадан нысандар қосылып, тарихқа тұнған мұраларды зерттеу жалғаса береді.

– Сұхбатыңызға рахмет.

Әңгімелескен Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

img 20220418 wa0010
img 20220418 wa0009
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз