
Мәдениет
Атыраулық өнерпаз республикалық байқауда жеңіске жетті
Қызылорда облысы Жаңақорған қаласында өткен белгілі композитор Бексұлтан Байкенжеевтің 75 жылдығына арналған ІІ республикалық «Сырдария» әнші-сазгерлер мен әншілер байқауында атыраулық өнерпаз Берік Амантаев І орынға ие болды.

Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің әртісі Берік Амантаев сырнай аспабымен ән орындап, өнерсүйер қауымды тәнті етті. Оның орындаушылық шеберлігі қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Өз тілшіміз