«ҰЛТТЫҚ ӨНЕР – ӨМІРШЕҢ ҚАЗЫНА»

Осындай тақырыппен жерлесіміз, өнертану ғылымдарының кандидаты, музыкатанушы ғалым Бақыт Тұрмағамбетованың Алматы баспасынан жаңа кітабы жарық көрді.

Жинақ музыкатанушының соңғы онжылдықта ғылыми еңбектерде, республикалық және халықаралық конференция жинақтарында жарық көрген зерттемелері мен отандық және шетел мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар жиынтығынан тұрады. Бұл еңбекте Қазақстанның батыс өңіріндегі әншілік мектептер жеке-жеке қарастырылған.
Бақыт – Жылыойдың тумасы. Жинақтан оның туған жерінің мәдени мұрасын зерттеуге деген ынта-ықыласын байқамау мүмкін емес. Осы өңірде жинақталып, нотаға түсірілген он екі халық әнін де жаңадан ұсынып отыр. «Алғаш рет Жылыойдың қарапайым халық әндері этнограф А.В.Затаевичтің жинақтарында поэтикалық мәтінсіз жарық көрді», – деп жазады автор. Ол ғылыми экспедиция кезінде әйгілі әншілер – Сақып пен Қыздарбай туралы тың деректер тауып, зерттеу жұмысын жүргізген екен.

Қаржау ОРАЗБАЕВ,
Жылыой ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз