Атыраулық кітапханашылар Жеңісті жырға қосты (+ФОТО)

img 20220509 wa0133 Мәдениет

Ұлы Жеңістің 77 жылдық мерекесіне арналып Балықшыда тағылымды шара өтті.

«Атырау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты екінші кітапхана, Балықшы аймақтық ардагерлер кеңесі мен мүгедектер ұйымы бірлесіп ұйымдастырған кеш «Майданда туған жырлар» деп аталды.
Онда «Сен құрметте оны» (Әбу Сәрсенбаев), «Болмасын соғыс» (Бақытбек Смағұлов), «Қаһарман қыз» (Бейбіт Бөжен), «Соғыстан қайтқан солдаттар», «Соғыс жайлы сұра сен» (Сырбай Мәуленов) өлеңдерін кітапханашы мамандар мәнерлеп, нақышына келтіріп, ерекше бір тебіреніс пен толқыныс үстінде оқыды. Осылайша, шараға жиылған үлкен-кіші кешегі​ басына күн туған шақтағы қиын кезеңді, сұм соғыстың халқымызға әкелген орны толмас қасіреті мен бейбіт күнді сыйлаған Ұлы Жеңістің қасиетін сезінгендей күй кешті.
Мерекеге орайластырылған шарада Балықшы аймақтық ардагерлер кеңесінің төрағасы Батырбек Юсупов, мүгедектер қоғамының жетекшісі Әмина Нысанғалиеа, Атырау қалалық біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі басқарманың бастығы, полковник Батырхан Казахов, қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Жаннат Жайлауова, майдангер ұрпағы Әміржан Шауданов, сондай-ақ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша жағалау күзеті үшінші дивизионы мен демеуші мекеме «JM KAPITAL» өкілдері сөз​ алып, жылы лебіздерін білдіріп, естеліктерімен, майдангерлер жайлы әңгімелерімен бөлісті.
Соңынан жиналғандар осындағы «Достық» саябағының төрінен орын алған соғыс ардагерлері мен майдан даласынан елге оралмаған боздақтарға арналған ескерткіш белгі басына гүл шоқтарын қойып, олардың рухына тағзым етті, естелік суретке түсті.

Дәулетқали Аруев

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз