Атырауда «Saraishyq Upgrade» халықаралық жастар форумы басталды

foto1 Мәдениет

Бүгін Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасы «Ақсұңқар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Saraishyq Upgrade 2023” халықаралық жастар форумы басталды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

f 2

Жастардың дамуына атсалысатын іс-шара ІТ технологиялар, маркетинг, өнер және мәдениет, кинематография  бағыттары бойынша өтіп жатыр. Спикерлер теориялық білім беріп, оны тәжірибе жүзінде ұштамақ.  Форум соңында жастар жобаларын қорғайтын болады.  Форумды облыс әкімі Серік Шәпкенов ашып, шығармашыл жастар – елдің дамуына ықпал жасайтынын атап өтіп,  халықаралық деңгейдегі іс-шараның жұмысына сәттілік тіледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жастар форумы  екі күн бойына «Infinyty eco park» ғимаратында өтеді. Форумға Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстаннан және  Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының 200-ден астам жастары қатысуда. Басты мақсат – республикалық деңгейдегі спикерлермен тәжірибе алмасу, теориялық және практикалық дайындық, шабыттану және өзекті мәселелерді шешудің жаңа жолдарын жасау.

f 3
f 4

Халықаралық форум төрт бағыт бойынша өтеді. «Кинематография» – Жандос Айбасов, Ернар Нұрғалиев,»Маркетинг» Антон Ким, Абылай Юсупов, «Ақпараттық технологиялар» – Жандос Тұрсынбаев, Ерлан Есімсейітов, «Музыка» – Ерболат Беделхан, Азат Әбікен мен Айзатулла Хусейн шеберлік сағаттарын өткізбек.

Нұргүл Насыр

Суреттер Ерлан Алтыбаевтікі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз