КІШКЕНТАЙ КӨРЕРМЕННІҢ ҮЛКЕН ҚУАНЫШЫ 

66dd95cb e577 4b0e a7d8 dfd0802b6286 Мәдениет

25 қазанда атап өтілетін Республика күніне және биылғы Балалар жылына орай Атыраудағы «Былина» орыс этно-мәдени орталығы мен орыс халық театры кішкентай көрерменге үлкен сый жасап, қуанышқа кенелтті. Олардың назарына«Чемоданное настроение» ертегі-пьесасының желісіне құрылған спектакль балғындардың назарына ұсынылды.

698fe6dd 329e 4316 ae82 574251764f3b

Режиссер әрі театрдың жетекшісі Павел Скляренконың айтуынша, мұндағы басты идея – осы қойылым арқылы әр кезде түрліше көрініс табатын адамның көңіл-күйін бір арнаға тоғыстырып, алдағы күндердің жақсылығынан үміттендіру. қандай бір қиындыққа тап болып, қиналған мезгілде де ертеңгі күнінің бүгінгісінен сәтті болатынына сеніммен қарауға үйрету. Бұдан екі жыл бұрын сценарийі пысықталып, кейіпкерлерді сомдайтын әртістеріміз бекітіліп, енді сахнаға шығарғалы жатқанымызда пандемия басталып кетті. Содан екі жылдан астам уақыт тоқтап қалдық. «Ештен де кеш жақсы» дегендей, оны көрерменге ұсынудың орайы биыл ғана келді. Туындының авторыөзімнің әріптесім, жас та болса дарынды драматург Анна Богачева. Рөлдерде ойнайтын жігіттер мен қыздарымыз да шеберлік жағынан кәсіби сахнагерлерден ешбір кем түспейді.

977fe507 cdf1 47cb 89bc f0469501149e

–Бұл күні Құрманғазы атындағы мәдениет сарайының зады көрерменге лық толыды. Көрермендердің басым бөлігін балалар құрағанымен, олармен бірге келген ата-аналарды, балалық шаққа саяхат жасап қайтқысы келген ересектерді қосқанда олардың саны 300-ден асып кетті. Бәрі де қойылымды тегін көріп, еркін тамашалап, рахаттанып қалды. Қысқасы, «Чемоданное настроение» кішкентай көрерменге үлкен сый ретінде керемет көңіл-күй мен зор қуаныш сыйлағанына куә болдық, – дейді «Былина» этно-мәдени орталығының төрағасы Андрей Кораблев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз