Жарнама
Мәдениет

Атырауда «Atyrau ЭТНО FEST» фестивалі өтеді

Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс алаңында 29-30 мамыр күндері ұлттық мәдениет пен өнердің, рухани мұрамыздың көрнекті үлгілері насихатталатын ерекше іс-шара — «Atyrau ЭТНО FEST» фестивалі өтеді. Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы қолға алған бұл фестиваль қала тұрғындары мен қонақтарына ұмытылмас әсер сыйлайды деп күтілуде.

Аталған басқарманың баспасөз хатшысы Индира Мерекенқызының хабарлауынша, фестиваль бағдарламасында көшпелі өмір салтын бейнелейтін дәстүрлі ауыл көрінісінен этноауыл таныстырылымы, ұлттық әдебиет пен тарихқа арналған танымдық басылымдардан құралған кітап көрмесі, шеберлер жасаған бірегей туындылардан қолөнер бұйымдары, халқымыздың бай мұрасынан сыр шертетін тарихи жәдігерлер, халық әндері мен дәстүрлі өнер түрлерін қамтитын сахналық бағдарлама бойынша гала-концерт ұсынылады.

–Бұл іс-шара ұлттық болмыс пен заманауи көзқарастың тоғысқан мәдени кеңістігіне айналып, көпшілікке рухани демалыс сыйлайды. Этно атмосферада өтіп, көрерменге ата-бабалар жолын сезінуге мүмкіндік беретін фестивальге барлық қала тұрғындары мен қонақтарын шақырамыз! — деді И.Мерекенқызы.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА


Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button