Әлеуметтік жобалар – келісім өзегі

whatsapp image 2020 04 25 at 05.44.14 1 Мәдениет

Атырау облысының әкімдігі мен «Каспий құбыр консорциумы» қайырымдылық кмек бағдарламасы аясында әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы келісім жасасты. Құжатқа Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов пен «КҚК» бас директоры Николай Горбань қол қойды.

Тараптар Атырау облысының отын-энергетика кешені объектілерін əрі қарай дамыту жəне олардың қызмет тиімділігін арттыру; ТеңізН о в о р о с с и й с к м а г и с т р а л д ы қ мұнай құбырының өткізу қабілетін арттыру; Атырау облысының қаржы-экономикалық жағдайын нығайту, өндіріс əлеуетін өсіру жəне инвестициялық ахуалын жақсарту үшін ұзақ мерзімді жəне тұрақты негізде ынтымақтасуға келісті. – «Каспий құбыр консорциумы» – елдегі мұнай экспорттаудағы ірі инфрақұрылым болып табылады. Компания көмірсутек шикізатын тасымалдау арқылы мұнай-газ саласының дамуына ерекше үлес қосып отыр. Соның ішінде Атырау өңірінде өзінің өндірісін дамытып қоймай, əлеуметтік мəселелерді шешуге де маңыз беруде. Мен өз тарапымнан сіздерге өңірлік медицина мен денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан елеулі үлестеріңіз үшін үлкен алғысымды білдіремін. Бүгінгі қол қойылған ынтымақтастық туралы келісім билік пен бизнес арасындағы ынтымақтастықтың жарқын көрінісі, Ынтымақтастық – деді Атырау облысының əкімі Махамбет Досмұхамбетов. Консорциум мұнай құбыры жүйесі өтетін аудандарда ауқымды əлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға қатысып, демеушілік жəне қайырымдылық көмек көрсетіп отыр. Қол қойылған құжатқа сəйкес білім беру, денсаулық сақтау, дене шынықтыру мен спорт, мəдениет, экологияға қолдау көрсету жəне халықтың əлеуметтік осал топтарына атаулы көмек көрсету шаралары іске асырылуда. Бұдан бұрынғы бесжылдық келісімге 2016 жылғы желтоқсанда қол қойылғанын еске сала кетейік. Сол кезде қол жеткен уағдаластық аясында əрбіреуі 290 орындық үш балабақша – Атырау қаласы Самал шағын ауданында, Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылында жəне Исатай ауданы Аққыстау ауылында, сондай-ақ Құрманғазы ауданы Жасталап ауылында Уəлиханов атындағы 80 орындық орта мектеп салынды. Жаңа келісімге сəйкес 2021- 2023 жылдары КҚК Атыраудағы Талғайраң тұрғын алабында 900 орындық орта мектептің құрылысын қаржыландыру міндеттемесін мойнына алды. Атырау облысында қызмет ету аралығында денсаулық сақтау, білім беру, мəдениет, спорт, əлеуметтік инфрақұрылым о б ъ е к т і л е р і м е к е м е л е р і н і ң құрылысын салу жəне жабдықтауға, халықтың мұқтаж топтарына қолдау көрсету үшін 11 млрд. теңгеден астам теңге бөлді. КҚК құбыр жүйесі – ТМД аумағында энергетика саласындағы шетелдік капиталдың қатысуымен і с к е а с ы р ы л ы п ж а т қ а н і р і инвестициялық жобалардың бірі. Теңіз-Новороссийск құбырының ұзындығы 1 511 шақырымды құрайды. Бұл бағытпен Қазақстанның экспортқа шығарылатын мұнайының үштен екісінен астамы, сондай-ақ ресейлік, соның ішінде Каспийдегі кен орындарынан шыққан шикізат тасымалданады. КҚК теңіз терминалы айлақ құрылғыларымен жабдықталған. Олар танкерлерді жағадан айтарлықтай алшақта қолайсыз ауа райы жағдайында да қауіпсіз тиеуге мүмкіндік береді.

Мəлике ҚУАНЫШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз