«Пернесінде сөйлейді Ұлы дала»

vse o dombre 10 Жаңалықтар

Ұлттық домбыра күні және күйші Дина Нұрпейісованың 1 6 0 ж ы л д ы ғ ы н а о р а й Елордадағы Ұлттық музейде Атырау облысы тарихи- өлкетану музейінің қорындағы домбыралар коллекциясының «Пернесінде сөйлейді Ұлы дала» экспозициясы ашылды.

Экспозициялық көрмеге жалпы саны 244 жəдігер қойылған. Оның ішінде музей қорына 1975 жылы қабылданған күміспен жəне сүйекпен əшекейленген батысқазақстандық үлгіде жасалған домбыра, Қазақ КСР халық əртісі Дина Нұрпейісованың, батыр, дауылпаз ақын Махамбет Өтемісұлының (көшірме), ақын Абай Құнанбайұлының (көшірме), КСРО халық əртісі Нұрғиса Тілендиевтің, Қазақстанның халық əртістері Қаршыға Ахмедияровтың, Рысбай Ғабдиевтің, Əзидолла Есқалиевтің, Қазақстанның еңбек сіңірген əртістері Мекес Төрешовтың, Айгүл Үлкенбаеваның домбыралары, жалпы саны 40 қос ішекті қоңыр үнді саз аспаптары бар. Сонымен қатар экспозицияға сыршыл пернелерге тіл бітірген домбыра жасаушы қолөнер шеберлері Бисенғали Мырзағалиевтің бас альт-тенор домбыралары, Нұрсұлтан Қалиев жасаған ұлттық аспап түрлері де қойылды.

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі қорында халықаралық жəне республикалық дəрежедегі 88 домбыра бар. Бұл ұлттық аспап коллекциясын жинақтау «Мəдени мұра» бағдарламасы аясында қолға алыныпты. Кейін Елбасының «Рухани ж а ң ғ ы ру: « Б ол а ш а қ қ а б а ғ д а р » жəне «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларындағы тарихи құндылықтарды жинақтау жəне насихаттау мақсатында берген бағдарына сəйкес Атырау облысы əкімдігі, облыстық тарихиөлкетану музейінің ұйымдастыруымен өткізіліп келе жатыр. Республикалық жəне аймақтық «Үкілі домбыра» сайысының нəтижесінде қолөнер шеберлерінің домбыраларымен де толыққан. Экспозицияның ашылу салтанатында Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы құттықтау сөз сөйлеп, «Қорқыт» этно-ансамблінің солисі Бекзат Прилепесовпен бірге Гиннестің рекордтар кітабына енген Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындады. Мəдени іс-шара барысында сөз алған мəдениет қайраткері, Атырау облысының Құрметті азаматы Орақ Жауыров өзі 50 жылға жуық ұстаған қасиетті қара домбырасын Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі қорына табыс етті. Атырау облысы əкімінің орынбасары Нариман Таушов «Құрманғазы» поэмасын алғаш толғаған Хамит Ерғалиев домбырасының көшірмесін Ұлттық музейге тапсырды. Салтанатты жиынның ашылуында күй отаны Атырау өңірінен арнайы келген Н.Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясы жанынан құрылған «Мұрагер» фольклорлық ансамблі өнер көрсетіп, рухани кештің ажарын аша түсті.

Алтынбек МЕРСАДЫҚ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз