Жарнама
Инфрақұрылым

Жеке секторға – кәріз желісі

Биыл Атырауда алғаш рет жеке секторда кәріз желілерінің құрылысын жүргізу жобасы қолға алынып отыр. Бұл туралы  қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Осы жылдың өзінде бұл бағыттағы жұмыстар шаһардың «Жұлдыз-1», «Жұлдыз-2»  және «Геолог» шағынаудандарында басталады.

Жақында өткен қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында жұмысты бастап кетуге жергілікті бюджеттен 100 млн. теңге қаражат бөлу жөнінде шешім  қабылданды. «Жұлдыз» бойынша жасалатын жұмыстың жобалық құны 5,9 млрд. теңгені құраса,  Геологта атқарылатын жұмыстарға  1,7 млрд. теңге қаржы бағыттау жоспарланды, — деді қала әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасов.

Жасыратыны жоқ, қаланың тұрғын үй секторына канализация құбырын тарту аса өзекті де қажет мәселе екені туралы әңгіменің қозғалғанына бірнеше жылдың жүзі болды. Топырақтың тұздылығынан қар мен жаңбырға қоса сарқынды судың жер астына сіңбей, қолайсыздықтар мен қиындықтар туғызатыны – атыраулықтарды алаңдатып отырған үлкен проблема. Канализацияның жоқтығынан ағынды су  топырақ қабатына  сіңіп, деңгейі төмен түспегендіктен  қиын жағдай туындайды.

Мәселен, былтыр «Жұлдыз-1» шағынауданында көптеген үйдің ауласы мен құрылыстары судың астында қалды. Сол себепті, төтенше жағдай жарияланып, қалыптасқан ахуалды жеңілдету үшін тұрғын үй алабында су сору жұмыстары жүргізілді.  Мұның өзі де қиындықтан құтылуға мүмкіндік бермеді. Көпеген үйлердің ойыста тұруына бйланысты құрғатылған жерге су қайта құйылып, тұрғындар қиындықтан көз ашпады. Суды соруға көптонналық вакуумдар пайдалынылып, уақытша болса да бұл қиындықтан шығу үшін эксперимент ретінде инесүзгілер орнатылды.

«Ештен де кеш жақсы» демекші, проблеманы түбегейлі шешу мақсатында  қала әкімдігі нақты қадам жасады. Сөйтіп, бір ғана «Жұлдызбен» шектеліп қалмай,  шаһардың бірнеше шағынауданында кәріз желісін жүргізуді жобалап, жоспарға енгізді. Қаржысы шешіліп, жобаны  жүзеге асыратын мердігер мекемелер анықталып, атқарылатын жұмыс ауқымы айқындалды. Ендеше іске сәт, дейміз!

Дәулетқали  АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button