«Жұлдыз» шағынауданында кәріз-тазарту қондырғысы орнатылады

1471ccde c552 42f7 aa0b f4eecf50a417 Жаңалықтар

Жерасты су деңгейінің көтерілуі атыраулықтардың бас ауруына айналды. Жуырда қалалық мәслихатта өткен жиында да осы мәселе талқыға түсті.

Сол жолы «Жұлдыз» шағынауданында жүзеге асатын контейнерлік кәріздік тазарту қондырғысының жобасы таныстырылды.

Шетелдік инвестордың есебінен құны 380 миллион теңгені құрайтын жобаны «Ақ қамыс» ЖШС ұсынған. Жаңа жоба кәріз суын механикалық және биологиялық тазарту арқылы балық өсіруге және жылыжай шаруашылығын дамытуға, техникалық су тапшылығын жоюға мүмкіндік береді екен. «Ақ қамыс» ЖШС-нің басшысы Аян Темірәлі жобаның шағынаудандарға тиімді екендігін айтып отыр.

b6898bf5 e3ac 4cfd b7ce c17307c0ccbe


– Жаңа технология Қытай, Жапония, Канада ғалымдарының жобасы. Экологиялық жағынан халықаралық және елдегі стандарттарға сәйкес келеді. 3 контейнерден тұратын технологияның өңдеу куаты күніне 300 текше метрді құрайды. Ағынды суларды тазартуға жақсы әсер етеді. Басқа технологиялармен салыстырғанда өңдеу бағасы да төмен. Материалдарына шығынданып, үнемі ауыстыруды қажет етпейді. Толықтай автоматты түрде жұмыс істейді. Биогазды жинап пайдалануға болады. Тез әрі оңай орнатылады,- деді Аян Тұрланұлы.

«Ақ қамыс» ЖШС-нің басшысы кәріздік тазарту қондырғыларын орнату үшін шағынаудан маңайынан 1 гектар жер телімін бөліп, қондырғыны сенімгерлік басқаруға беруді ұсынды.

Жоба авторының сөзінше, осы технология жүзеге асса 14 адамға жаңа жұмыс орны ашылып, олардың орташа еңбекақысы 250 мың теңгені құрайтын болады. Сонымен қатар, «Аққамыс» ЖШС жоба аясында қала аумағындағы ну қамысты іске асыруға болатыны жөнінде де ұсыныс білдірді.
Мәслихат депутаттары қазіргі қиын жағдайда пилоттық жоба ретінде ұсынып көру үшін әкімдікке хат жолдайтынын айтып отыр.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Сейтжан

    Оте жаксы жоба, колдаймын!Сяттилик.