Жарнама
Инфрақұрылым

Мақатта ерекше аллеяның құрылысы басталды

Мақат ауданының әкімі Азамат Мәмбетов Мақат кентінің “Газшылар” шағынауданында салынып жатқан аллеяның құрылысына барып, жұмыс барысын бақылады. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бақылау барысында аудан әкімі құрылыс сапасына ерекше көңіл бөліп, барлық жұмыстың белгіленген мерзімде әрі сапалы орындалуы қажеттігін атап өтті.

Айта кетейік, аллеяда заманауи жарық шамдары, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылады.

Бұл нысан ауданның көркейіп, абаттануына, сондай-ақ халықтың өмір сүру сапасын арттыруға оң ықпал етіледі деп күтілуде.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button