Индер ауданында жол құрылысы басталды
Шығыс шағынауданына 5 шақырым, Болашақ мөлтекауданына 12 шақырым, Индербор кентшілік 10,4 шақырым автомобиль және жаяу жүргінші жолын салу жұмыстары басталды.
Аудан әкімдігінің баспасөз хатшысы Әли Жайшылықтың айтуынша, Индербор кентін толықтай асфальттау жоспарланған. Қазіргі таңда жол түсетін көшелерде жердің беткі қабаты алынып тегістелуде. Әрі қарай кезеңімен инертті материалдар төселіп, асфальт салынады.
– Атап айтсақ, Индербор кентінің 15 көшесіне жол салынады. Мердігер мекеме — «Монолит Дизайн-2030» ЖШС. Құрылысты монтаждау жұмыстарына рұқсат алғаннан кейін 9 айда бітіру жоспарланды. Ал Болашақ шағынауданының 15 көшесіне автомобиль және жаяу жүргінші жолы төселеді. Мердігер мекеме — «Қарасай құрылыс» ЖШС. Жоба бойынша жұмыстар 11 айда толық аяқталуы тиіс. Шығыс шағынауданына келер болсақ, мұнда 12 көшеге жол төселеді. Мердігер мекеме — «Монолит Дизайн-2030» ЖШС. Құрылыс жеті ай жүргізіледі деп күтіліп отыр,- деді Ә.Жайшылық.