Доссор кентінде 60 пәтерлік үйдің құрылысы басталды

e99fc23f 5dc2 4a06 ab0b 8aa4e5cc6616 Инфрақұрылым

Атырау облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының тапсырысымен Мақат ауданының Доссор кентінде 60 пәтерлі үйдің құрылысы басталды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа нысанның инвесторы NCOC N.V компаниясы болса, мердігері «СамалНефтСтрой» ЖШС. Бүгінгі таңда аумақты қоршау жұмыстары жүргізілуде.

-Ауданымызда 2017 жылдан бері тұрғындар үшін 60 пәтерлік көпқабатты үш үй тапсырылған болатын. Мақат кентіндегі екі нысанның да халық игілігіне берілетін күні алыс емес. Ал аталған Доссордағы үш қабатты үйдің 30 пәтері екі бөлмелі, 30 пәтері үш бөлмелі болып салынғалы жатыр. Баспана үй кезегінде тұрғандарға реттілік бойынша беріледі,- деді аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Әбілқайыр Қадыров.

Оның айтуынша, аталған үй 2025 жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Мақат ауданында 760 адам баспанаға мұқтаж ретінде үй кезегінде тұр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз