Жайықтан енді балық аулауға болмай ма?

photo 218276 Экология

Атырауда бір күнде 6 заң бұзған әуесқой балықшы айыппұл арқалады.

Бұл туралы Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспеккциясы бөлімінің бас маманы Темірхан Оңайбаев мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Рейдтік іс-шара кезінде Каспий теңізі сағасының бойы және Пешной елді мекені қамтылып, 5 қызметкер мен жылдам жүретін катер тартылды. Нәтижесінде 6 әуесқой балықшы ұсталып, әкімшілік хаттама толтырылды.

– Бүгін біз, «Жайық-Каспий» облысаралық бассейіндік балық  шаруашылығы инспекциясы ерекше қорғалатын табиғи аймақта, соның ішінде Пешной, Приморский елді мекендерінде әуесқой балықшылардың заңсыз балық аулауының алдын алған болатынбыз. Іс-шара барысында Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 380-бабының 1-бөліміне сәйкес хаттама жасақталды. Қала тұрғындарына ескертіп айтарымыз, ерекше қорғауға алынған табиғи аймақтарда балық аулауға қатаң тыйым салынған, деді Т.Оңайбаев.

Оның айтуынша, тыйым салынған аймақта балық аулағандарға салынатын айыппұл мөлшері 30630 теңгені құрайды.

Айта кетейік, бұдан бұрын облыста алты ай ішінде 144 браконьерлік іс сотқа жолданған болатын.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз