Бас прокурор араласады: Мәжіліс депутаты Ойыл бойындағы заңсыз бөгеттерді алдырту мәселесіне жауап берді

snimok 6 Жаңалықтар

Парламент Мәжілісінің депутаты Сәлімжан Нақпаев Атырау облысынан сайланған депутаттардың Ойыл өзеніне байланысты Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына депутаттық хат жолдауды жоспарлап отырғандарын айтты.

Қызылқоға ауданына жұмыс сапары аясында Мәжіліс депутаты Ойыл өзенінің бойын аралап, сонау 70-інші жылдардың ортасына таман пайдалануға берілген «Ералы» гидротехникалық қоймасының ахуалына қанықты. Соңғы бірнеше жылдан бері құрғап қалған өзеннің құм басқан арнасын көріп, бұған жоғары құрылымдар тарапынан да назар аударылып отырғанын айтты.

– Шынында, шағын өзендердің жайы бір күнде шешіле қалар іс емес. Мұны қалпына келтіру үшін бірнеше нормативтік құқықтық актілер бойынша жұмыс жасап, кейбіреуіне толықтырулар мен өзгерістер енгізу қажет. Қазіргі таңда  Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Ойыл, Жем, Сағыз өзендері бойынша судың жағдайын зерттеу жұмыстарын бастады. Ойыл өзенінің Ақтөбе облысындағы жанашырлары да Ақтөбе облысынан сайланған Мәжіліс депутаттарының назарын осы мәселеге аударып отыр. Өзеннің жоғары бөлігінде анықталған бөгет кедергілерді алу жөнінде ұсыныс берілгенімен, бұл жұмыстар баяу жүріп жатыр. Сол себепті Атырау облысынан сайланған депутаттар Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына депутаттық хат жолдауды жоспарлап отырмыз, – деді Сәлімжан Жұмашұлы.

1 29

Алмас ҚАБДОЛОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз