Атырауда дезинфекция жұмыстарын әскери қызметшілер атқаруда (+ФОТО)

whatsapp image 2020 03 26 at 13.15.40 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/31 наурыз, 2020 жыл. Төтенше жағдай жарияланған алғашқы күннен бастап Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда мен Тараз қалаларында залалсыздандыру жұмысы қарқынды жүріп жатыр.

Аталған өңірлердің биологиялық қорғаныс бөлімшелерінің әскери қызметшілері сауда орталықтары мен демалыс алаңдарында эпидемияның алдын алу шараларын жасады.

Жалпы, әскери қызметшілерді мұндай азаматтық қорғаныс жұмыстарына тарту – бұл қажеттілік болып табылады. Қарулы Күштердің Жоғары Бас қолбасшысының тапсырмасына сәйкес дезинфекциялау жұмыстарының аумағы кеңейтіліп, биологиялық қорғаныс бөлімшелерінің саны арттырылды.  

Таяуда Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Нұр-Сұлтан қаласындағы дезинфекциялау жұмысына бақылау жасады. Әңгімелесу барысында ол әскери қызметшілердің Қазақстан азаматтарының денсаулығы мен амандығын сақтауда атқаратын жұмыстары маңызды және ауқымды екендігін айта өтті.

e98a0589
e98a0646
photo 2020 03 31 10 35 32
e98a0667

«Әскерилердің ерекшеліктері – бейбіт кезде істері көрінбей, қиын кезеңде көмекке келетіні болып табылады. Сіздерге тек басшылықтың ғана емес, туған-туыс, дос және барлық қазақстандықтардың назары аударылып, құрмет, сенім және түсіністікпен қарауда», – деді Нұрлан Ермекбаев сапта түзелген сарбаздар мен сержанттарға өз назарын аударып.

Айта кету керек, мұндай бақылау «Батыс» өңірлік қолбасшылығының тарапынан да қолдау тапты. Облыста қажетті шаралар жасалып, инфекцияға қатысты жағдай бақылауда тұр.

Әскери қызметшілердің де денсаулықтарының қауіпсіздігіне аса мән беру керек. Бір жауынгердің ғана сырқаты бөлімшенің ғана емес, бүкіл әскери бөлімнің жауынгерлік әзірлігіне нұқсан келтіруі мүмкін. Әскерилерге барлық санитарлық-гигиеналық нормалардың талаптары қатаң сақталып, індеттің алғашқы белгілерін білу және олар анықталған кезде басшылыққа жедел түрде баяндау жөнінде ескертілді.

photo 2020 03 31 10 35 29
photo 2020 03 31 10 35 35
whatsapp image 2020 03 26 at 13.16.07

Әскерилердің физикалық белсенділікті ескеріп, жеке құрамның тамақтану рационын қайта қарастырып, денсаулықты қалыпты жағдайда сақтау үшін витаминдерді беруді ұйымдастырдық. Әскери қызметшілердің күн сайынғы моншаға баруы, киімдердің арнайы құралдармен тазалап, жеке гигиена құралдарымен уақытылы қамтамасыз етілген. Жұмыс барысында әскери қызметшілердің далада көп уақыт өткізулеріне байланысты секторлар бойынша арнайы биодәретханалар мен әкімшілік ғимараттарға кіруге мүмкіндік беру мәселесі де оң шешімін тапты.

Ал, дезинфекция ерітіндісін дайындау әдісі сақталып, экологиялық зақым келтірмеу жағын да қарастырдық. Дезинфекциялауға жататын нысандар мен аумақтарды толықтай өңдеу ескертілді. Одан басқа құралдарды ауыстыру мен жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі шешілді десе де болады.

 «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

http://atr.kz/bez-rubriki/auyl-el-besigi-zhobasy-7-mln-auyl-t%d2%b1r%d2%93ynyn-%d2%9bamtidy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз