Жайын жеген Жылқыбай

image182721 СарапTime

Бүгінде суы суалған, нуы жоғалған Жемде сонау уақытта сансыз балық ойнақ салғанына кейінгі ұрпақты сендіре аласыз ба? Әй, қайдам. Ұға қояр ма екен? «Қайда сол байлығың?» деп өзімізге салмақты сауал салса, не деп жауап береміз?

Ал, тарихты таразылап көрсек, бұл жер тыстың кəсіпкерлеріне XVII ғасырда-ақ белгілі болған. Осы тұста Орал казактары балығы мол Жем жағасына біртіндеп келе бастаған. Орынбор шекара комиссиясы Ракушаға, Қаңбақтыға, Прорваға келімсектердің қоныстануына рұқсат еткен. Жергілікті жұрт соған дейін де күнделікті керегіне аз-мұз балық аулап жүрсе, енді оны өнеркəсіптік өлшеммен өндірген. Сырттан жеткендер байырғы тұрғындарды өзеннің тереңінен ау тартып, қармақ салуға машықтандырған. Əрине, «үйренгенің өзіңе, жасағаның бізге жақсы» деген қағида ғой. Оның үстіне, арзан жұмыс күші емес пе?

Қиырдағы кəнігі мамандарды шақырып, оларға қымбат құн төлегенше, аз-мұз ақысын беріп, іргедегі қалың қазақты жұмылдырған жөн ғой. Орыс байлары осындай тиімділікті қалаған. «Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбалаған жөн» деген емес пе? Бұдан қаймана қазаққа да жаман болған жөн. Жаңа кəсіпке машықтанды. Қалтаға аздап тиын-тебен түсті.

Қайткенде де, о баста қос қайығымен жəне екі мың шама-сында қармағымен келген ауқатты көпестерге орыс қарашекпенділері мен тұрғылықты қазақтар қосылған. Жазда өткел бермейтін Жем үстімен қыста шанамен ғана қатынасуына қарағанда өзен суы да мол болса керек. Соны кешіп жүріп көктемгі жəне күзгі тартымда балық аулаған. Əкелеріне ұлдары еріп, осы мамандықты меңгерген əулеттер қалыптасқан. Жергілікті жұрт су маржанын сүзуді əбден үйренді.

Мəселен, ХІХ ғасырдың аяғында бір мың шамалы қайық суға түсірілген. Сол кезде көктемгі тартымға барлығы он мыңға жуық балықшы шығады екен. Соның жеті мыңы жергілікті жігіттер көрінеді. Қалған үш мыңы ғана орыс қарашекпенділері. Рас, ар жағындағы Каспий теңізіне де тор тасталған. Бірақ, жоғарыда айтылғанындай, тыстағылардың қызығушылығы Жемге ауған. Жаңа кəсіп қазақтарды отырықшылыққа айналдырды. Олардың кейбірі ғана жазда киіз үйін түйеге теңдеп, күзге дейін қырға көшетін.

Дегенмен, дені осы жерде қалып, келесі тартымға даярланатын. Жемнің екі беті балық аулаған қазақтардың мекені атанды. Соның нəтижесінде Қаңбақты біраз халқы бар едəуір кент болды. Патша үкіметінің 1893 жылғы 26 наурыздағы жарлығымен осы төңіректе бірнеше балық кəсіпшілігі құрылды. Оларға, əрине, орыс көпестері басшылық жасады. Сауыры күнге шағылысқан су маржандары тонналап орталыққа жөнелтілді.

Жалпы, Жылыой аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұртас Қуатбаевтың айтуынша, өңірдегі өзекті про-блеманы шешудің тура жолы – су қоймасын салу. Бұған дейін де айтылғанындай, Ақкиізтоғайдың ар жағындағы Құлшан атаның мəңгілік мекені мен Ақмешіт аралығындағы жалпақ жазықтық мұндай құрылысқа сұранып-ақ тұрған-ды. Осындағы тұрғызылып тасталған үш қабатты тұрғын үйлер өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары-на дейін тұрды. Содан соң иесіздік күйін кешті. Қазаннан қақпақ кетсе, итте ұят болушы ма еді?

Дала кезген жұрттың біреулері есік-терезесін бұзды, екіншілері қабырға тастарын тасып əкетті. Басындағы темір-терсегіне дейін түк қалдырмады. Жұрдай етті. Қазір бұл жер тып-типыл. Бұдан алпыс жыл бұрын құрылыс болғандығын көнекөздер ғана біледі. Солардан сұрастырып көріп, суретін де таба алмадық. Егер осы құрылыс мəреге сəтті жеткізілгенде, іргедегі Ақмешітті де таза ауыз сумен қамтуға мүмкіндік туар еді. Бекет бабаның кіндік қаны тамған бұл қасиетті мекенге табиғи газ желісі тартылған, электр жарығы орнатылған, сенімді байланыс жүргізілген. Тақтайдай тегіс тас жол да салынбақшы.

Естуімізше, оның жобалық-сметалық құжаты даяр. Тек ауыз суы жоқ. Төңірегінде бірнеше ұңғыма қазып көрген екен, бəрінен де ащы су шығыпты. Малға да, адамға да тұтынуға жарамсыз. Əдетте, төменгі ел өздеріне су жетпеуін жоғарыдағы жұрттан көреді. Жемге қатысты да осын-дай ой болған. Бірақ, алдыңғы жылы сол жаққа барған Жылыой ауданынан құрылған экспедиция құрамында болған «Достан ата» шаруа қожалығының жетекшісі Сейітжан Балжігітовтің айтуынша, өзен бойына тұрғызылған бөгет көзге түспеген. Ақтөбеліктердің өздері де шөлдеп отыр.

Рас, Жемнің жан-жаққа тарайтын сағаларының кейбіріне шағын қойма салынған. Алайда, оның тұтас өзенге түк қатысы жоқ екен. Өйткені, ағыс өз бағытымен кетеді. Сағаға су ылғал көп уақытта ғана шығады. Сол кез-де кейбір шаруашылықтар қажетті қорын жинап алатын тəрізді. Дегенмен, өткенде айтылған ойға қайта оралсақ, бізде де артылған суды жинап алатын орын болғаны жөн. Мұндай қуаңшылық жылда кездеспеуі мүмкін.

Мəселен, 1993 жылғы Жылыойды жұтып жібере жаздаған Жем жа-дымызда. Бұл жай келесі жылы да қайталанды. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшы-сы Нұртас Қуатбаевтың айтуын-ша, 2015, 2016 жəне 2017 жыл-дары да өзен біраз көтеріліпті. Шабындыққа да шыққан, жайылымға да жайылған. Ал, артылғаны текке құмға сіңген. Төрт түліктің тұяғы баспайтын ен даланы суарған. Əттеген-ай десеңізші…

Ақтөбелік байырғы тұрғындардың айтуынша, тау ба-сында көптен бері қар аз. Сонау кеңестік кезде оның қалыңдығы соншалық, К-700 тракторы көрінбейтін көрінеді. Ал, бұл техниканың биіктігі қандай екенін бұрынғылар жақсы біледі ғой. Көктемде сол ерігенде төмен қарай тасқындап құйылған. Соның бəрі сағым емес, сағынышқа айналған болған жай. Ал, қазір неге жау-ын-шашын шектелді? Салдары белгілі, ал себебі қандай? Мамандар мынадай да бол-жам айтады. Жəне оған құлақ асуға əбден болады.

Біз, əдетте, кəсіпорындардан шығып жатқан улы газдардың қоршаған ортаға зиянды əсері туралы жиі айта-мыз. Бірақ, көбіне жергілікті жағдаймен шектелеміз. Төңірекке тарап жатқан жағымсыз иісін ғана сөз етеміз. Ал, соның ауа райын да өзгеріске ұшыратып жатқандығын білеміз бе? Мəселен, мұнай кеніштерінде жанып тұрған алаулар өндірістік мұқтаждық делінгенімен, күллі атмосфераның қалыпты тірлігін бұзатын көрінеді. Теңіз кен ор-нында ара-тұра жанатын үш-төрт алауды əңгімеге арқауға аламыз.

Ал, көршілес Ақтөбеде мұндай қондырғылардың он шақтысы іске қосылған. Темір ауданындағы Кеңқияқ кенішін қытайлықтар игеріп жатқанына біраз жылдың жүзі болды. Əрине, ірі жобаға қомақты қаржы салатын инве-стор керек. Алайда, халыққа ең алдымен қажеті – төл табиғаты. Өйткені, сол кен орындарындағы алаулардан аспанға атқылаған улы газ бұлттардың шоғырлануына кедергі келтіреді. Қарапайым тілмен айтқанда, тұтасуына мүмкіндік бермей қуады. Ал, тек-ке жанған ілеспе газдан тарай-тын қызу ше?

Бүгінде жаһандық жылыну мəселесі дүние жүзі ғалымдарын толғандырып жүр. Дегенмен, бізге əлемдік пробле-маны қоя тұрып, Ақтөбе аспанын улы газдан арылтқан абзал. Міне, сол көк кеңістігін қалпынан тыс жылытып, қою бұлтты жан-жаққа таратып жүрген. Шынын айтқанда, мұндай батыл болжам бұрын-соңды тілге тиек етілмеген-ді. Мəселен, эко-логия тақырыбына талай жылдан бері жазып жүрсем де, құлағыма шалынбапты.

Рас, улы газдардың ауа райының күрт жылынуына тигізіп жатқан əсері жөнінде талай айтылды. Ал, олардың бұлттарды да ыдыратып, жауын-шашынға кедергі келтіруі – мамандардың кейінгі кезде ғана қозғай бастаған проблемасы. Сірə, о баста елімізге келіп жатқан инвесторларға икемді саясат орнату алдыңғы кезекке шыққан ғой. Солардың қытығына тимеуді көбірек ойлаған секілдіміз. Сөйтіп, қоршаған ортамызды ластап, төңірекке кесірін тигізіп жатқанына көз жұма қараған тəріздіміз. Əйтпесе, соңғы уақытта қардың аз түсуі, жауын-шашын көлемі кемуі себебін ғалымдар соған дейін де пайымдаған шығар-ау.

Ендеше, не істеу керек? Қарқаралы басынан бұлт тарқамайтыны тəрізді Мұғалжарды мұнарға қалай айналдырамыз? Жеті қат жер астын ұңғылаған бұрғышыларға тоқтау бола ма? Əлде бұлтсыз күндер жалғаса бере ме? Сөйтсек, қарсы қояр қауқарымыз бар екен. Мəселен, қолданыстағы заңдылықтарға сəйкес, алауларды ауаға жағуға тыйым салынған. Тек өндірістік апат жағдайында ғана белгілі бір мөлшерде жинақталған газды арнайы тұрбамен шығару келісілген. Оның да көлемі асып кетсе, айыппұл төленеді.

Алайда, табиғат қорғаушылар қаншама қаһарланғанымен, ірі кəсіпорындар жұмысын мүлде тоқтатып жатқан деректер жоқ дерлік. Əйтсе де, Экологиялық кодекстің жаңа баптары алауларға газ жағуға үзілді-кесілді тыйым салмақшы. Бұл құптарлық қадам. Дегенмен, тың талап қолданысқа енгенше əлі біраз уақыт керек. Бірақ, соған дейін аспанға қарап, Алладан жаңбыр тілейміз бе? Əлде көршілес қос облыстың халқы жаппай тасаттық бере ме?

Турасы – құзырлы орындардың қолданыстағы заңдылықтардың орындалуын қазіргіден де қатаңырақ қадағалауы. Соның өзі де біраз тəртіп орнатуға ықпал етеді. Ауаға тарайтын улы газдар мен алау арқылы шығатын қызуды азайтуға қол жеткізсек, Мұғалжар басына да бұлт үйіріледі.Жоғарыда келтірдік қой, со-нау уақытта Жылыойда балық шаруашылығы тым-тəуір дамыған. Ол өңірде мұнай-газ кəсіпшілігі құрылғаннан бұрын-ақ жергілікті жұрттың күнделікті кəсібі болған.

Қазақстанда көмірсутегі шикізатын өндіру он тоғызыншы ғасырдың соңында қолға алынғанын айтсақ, оның қарашаңырағы да Жылыойдағы Қарашүңгіл ғой. Кейін Жем тартылған соң ғана жұрт жаппай өндіріске ойысқан. Жиырмасыншы ғасырдың басын-да ауданда бірнеше кен орындары пайдалануға берілгенде бəрі солай шұбырған. Себебі саласы солған өзенде су маржандары да азайған-ды.

Сөйтіп, байырғы балықшылар мұнайшылықты меңгерген. Енді осы кəсіпшілікті қайта жандандыруға бола ма? Осы орай-да тағы да су қоймасы жөнінде айтуға тура келеді. Егер сонау уақытта Аралтөбе құрылысын мəреге сəтті жеткізгенде, ендігі шағын тоғандарда балық өсіруге мүмкіндік туар еді. Бүгінде кішігірім су көздерін бұл бағытта барынша тиімді пайдалану жөнінде сөз жиі қозғалып жүр. Мемлекет басшысы да бағалы бастаманы қолдап отыр. Есте ме, кеңестік кезде төрт түлікті өз төлі есебінен көбейту керектігі айтылатын. Міне, соны су мар-жандарына қатысты да қолдану қажеттігі туған. Барлық жерде бекіреге қолайлы жағдай туғызылмас, бірақ басқа балықтарды өсіруге болады ғой.

Айтпақшы, Жем жоғарыдан мол жеткен жылдары су маржандары бұрынғы «Ембі» кеңшары территориясындағы Қараша көліне келеді. Жұрт ау-қармақтарын сайлап, жағалай аулайды. Рас, қазір балықтардан құм дəмі шығатын көрінеді. Өйткені, су түбі тайызданып, астындағы топырағы шығып жа-тыр. Бала кезімізде Құлсарыны қақ жарып ағатын Құрсайдан да балық алғанбыз. Ол да Жем арқылы толығады. Кейбір ел жоқтан бар жасайды. Біз іргетасы əлдеқашан қаланған кəсіпті қайта қалыптастыра алмаймыз ба? Тағы да тарих парақтарын ақтарсақ, Жылыойда ұжымдастыру шарасы балықшылардан басталған.

Сонау 1932 жылдың 1 наурызын-да 2315 шаруашылық біріктіріліп, қармақ ұстап, ау салушылардың 70 пайызының басын қосқан. Бастапқы бесжылдықтарда таза балық аулаумен айналыса-тын «Қызыл Каспий», «Жаңа тұрмыс», «Қызыл Жем», «Қызыл ту» ұжымшарларында мыңдаған адам еңбек еткен. Қаншама күш десеңізші! Көнекөздерді сөйлетіп көрсек, талай тарих ақтарылады-ау. Себебі, шертілмеген шежіре жеткілікті.

Бірақ мұндай молшылық ұзаққа созылмады. Сол отызын-шы жылдардың орта шенінде су тартыла бастады. Жем жағадан жырақтады. Жоғарыдан жететін ылғал азайды. Сонымен бірге балық қоры да кеміді. Енді Қаңбақты кентінің аудан орталығы ретіндегі мəні де, маңызы да жойылды. Мыңдаған адамға жұмыссыз қалу қаупі төнді. Абырой болғанда, бұл Қосшағыл кенішінің игеріліп жатқан шағы еді. Балықшылықтан босаған жұрт солай шұбырды. Ауылда адам аз қалды.

Сөйтіп, 1937 жылы аулан орталығы Қосшағылға ау-ыстырылды. Бүгінде естелікке айналған тұтас өңірдің кешегісі осындай.Ал, «Қызыл Жем» ұжымшары түгелге жуық Бақсайға көшірілді. Жем жағалаған жұрт енді Жайыққа ау салды. Оның алғашқы төрағасы Аманияз Тəженов деген азамат еді. Қалың қазақты ашаршылыққа соқтырған кəмпескелеу кезінде байлармен бірге орта дəулетті шаруалар да малдарын жаппай жойып жіберген-ді. Баға алмағандықтан емес, қара тізімге ілігіп кетуге қорыққандықтан. «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» ұраны жазықсыз жандардың да жапа шегуіне соқтырды ғой. Міне, сол шақта Жылыойда төрт түлік саны күрт кеміді.

Сайып келгенде, өңірдегі ауыл шаруашылығы балықшылар күшімен дамыды. Есепке солардың көрсеткіші алынды. Қазіргі Прорва кен орнының арғы тұсына кеме келетін порт та салынды. Кейбір құжаттарға қарағанда, Қаратон кентінің атауы да осында келген орыс келімсектерінің үстеріне киген қара тонға қатысты екен. Қазір бұл елді мекен жоқ. Оның тұрғындары 2001 жылы түгелімен Жаңа Қаратонға қоныс аудар-ды. Оған да келесі жылы тура жиырма жыл толады екен-ау.

Міне, бұл да Жем жағалауындағы балықшылыққа байланысты бір дерек. Ал, Махамбет ауданының жылнамасына енген «Красная Эмба» ұжымшары Жылойдан қоныс аударған «Қызыл Жем» балықшылары екендігін де ескер-ген жөн. Айтпақшы, қазір Теңіз кенішін игеруді одан əрі өрістетуге байланысты Прорваның арғы тұсындағы теңіздің ұмсынған тұсына инвесторлар арнайы айлақ салуды қолға алуда. Жалпы, Жылыойдың экологи-ясы нашарлығы баршаға белгілі. Əуелден-ақ табиғаты қатаңдау өңірде су көздері де азаңдау, жа-сыл желек те жұтаң.

Оның үстіне, мұнай-газ саласы бойынша іргелі жобалар осында жүзеге асыры-лып жатыр. Бұл, əрине, ел эко-номикасына құйылар қомақты табыс десек те, қоршаған ортаға салынар сом салмақ. Сондықтан тұрғындарының дені аурушаң екендігі де жасырын емес. Міне, соларға балық өнімдерін молырақ тұтынған өте қажет еді. Мамандардың пікірінше, су мар-жандары – сіңімді ас.

Жалпы, балық – көп адамның сүйікті тағамы. Ет жемейтін жандар болар, бірақ балықтан бас тартқандарды байқамадық. Қуырып та көреді, асып та асайды. Оның құрамында ағзаға жақсы жағатын жоғары са-палы ақуыз бар. Балық өнімі қан айналымын қалпына келтіреді, көру қабілетін күшейтеді, өмір сүру ұзақтығын арттырады, жүрек дертінің алдын алады, артық салмақтан арылтады. Бұдан артық тағы не керек?

Сайып келгенде, жылыойлықтар бойынан осы аурудың бəрін табуға болады.Жылыойлықтар балық шаруашылығынан жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Қаңбақты кентінен басқа Жаршық, Қияқ, Асанкеткен елді мекендері тұрғындары су маржанын сүзумен шұғылданды. Аманияз Тəженов, Ажық Кенғанов, Əділғали Əлжанов, Дəли Жамансариев, Хиуаш Досқалиев бастапқы балықшы ұжымшарларын басқарды. Балықшылар бірінші бесжылдық жоспарды артығымен орындады.

Мəскеуде 1936 жылғы 25 қаңтарда ұйымдастырылған балықшылардың бүкілодақтық екінші съезіне «Қызыл Жем» ұжымшарының бригадирі Таласбай Тоқовтың қатысуы тегін бе? Немесе Жанкеев, Бітімəлиев, Қалжігітов, Қожанбаевтардың жоспарды 150-180 пайызға жеткізгені балық қорының молдығын көрсетпей ме? Ал, ауданда тұңғыш стахановшы атанған М.Дүйісов тапсырма-ны екі есе артығымен орындап, көзге түскен.

Əттең, жоғарыда айтылғанындай, отызыншы жылдардың соңында Жем тарты-лып, шаруашылықтар да тарап тынған. Өкінішті-ақ. Енді соны қалпына келтіруге де қыруар қаражат жұмсалмақ. Əлде тіпті қажет емес пе? Мол мүмкіндігі бола тұра Қазақстанның сыртқа балық өнімін шығарған көрсеткішінен гөрі оны тыстан тасыған тоннасы көп екен. Бұл бағытта аймақтағы ахуал да оң емес. Əрине, ол – өз алдына бөлек əңгіме. Əйтсе де, соның бəрі осы саланы сауықтыруда жол беріліп отырған олқылықтарға байла-нысты.

Р.S.

Жайын жеген Жылқыбай бұдан біраз жыл бұрын өмірден өтті. Әкесі сол кеткеннен қан май-даннан оралмады. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай өсірген шешесі жалғыз ұлдан тараған ұл-қыздың қызығына кенеліп, бертін келе қайтыс болды. Жем жағасында суға қармақ салған ағамыз да, оның тұстастары да балықты талғажау етіп жетілді. «Өзен жағалағанның өзегі талмайды» деген осы шығар, сірә. Сол соғыс жылдары талайдың тәтті тағамына айналып, дастарханның сәнін келтірген сазаннан бүгінгі бейбіт күнде көз жазып қалғанымыз ба? Қазір ол жылыойлықтардың жеңсік асы саналады. Өткен күндердің өкініші де сол.

Меңдібай ЕЛЕМЕСҰЛЫ,

ҚР Ақпарат саласының үздігі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз