Атырау мұнай өңдеу зауыты қалдықтарды 80 пайызға қысқартпақ

IMG 3112 Жаңалықтар

Atr.kz/11 шілде, 2019 жыл. Атырау мұнай өңдеу зауытында  TAZALYQ жобасы бойынша механикалық тазарту құрылыстарын жаңғырту шеңберінде құрамында мұнай бар қалдықтарды өңдеуге мүмкіндік беретін өнімділігі сағатына 30 текше метрді құрайтын  жаңа трикантер-қондырғысы пайдалануға берілді.

Трикантер-сұйық ағындарды құрамында мұнай бар қалдықтардан тазартуға арналған және оларды суға, қатты бөлшектер мен мұнай өнімдеріне бөлетін үш фазалы қондырғы. Бұрын тоспа судың механикалық тазалау қондырғыларындағы барлық мұнайы бар қалдықтар сорылып, полигонға шығарылатын. Қазір бұл қондырғы қатты және сұйық фазаларды қайта өңдеу және бөлу жолымен қалдықтардан 30-дан 50% – ға дейін таза мұнай өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді, бұл оларды шығару қажеттілігін 80% – ға қысқартады.

«Біздің басты міндетіміз — қоршаған ортаға зиян келтірмей өндірісті дамыту. Осы мақсатта біз биыл  TAZALYQ.ауқымды жобасын іске қостық. Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының көлемін төмендету, қалдықтарды толық жою, ағынды суларды барынша тазалау —біздің мақсатымыз, — дейді АМӨЗ ЖШС Бас директоры Ш. Данбай.

IMG 3126

Трикантер қондырғысының  арқасында кәсіпорын мультипликативтік әсерге қол жеткізіледі: яғни механикалық тазарту құрылыстарының жұмыс сыйымдылықтарында мұнай қалдықтарының  жинақталу көлемі төмендетіледі, бұл TAZALYQ жобасы шеңберінде оларды одан әрі бөлшектеуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, мұнай өнімдерін мұнай өңдеу процесіне қайтару есебінен технологиялық шығындар айтарлықтай азайтылады, яғни кәсіпорын қаражаты үнемделеді.

Қондырғыдан күтетін  ең басты  нәтиже- ол кәсіпорынның өзінде, тазарту құрылыстарында, жалпы  Атырау қаласында  экологиялық жағдайды жақсарту.Мұнай қалдығын қайта өңдеу бойынша  заманауи қондырғыны іске қосу-өнеркәсіптік өндірістің қоршаған ортаға теріс әсерін төмендетугі және Атырау мұнай өңдеу зауытында экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттырудағы кезекті  қадам болып табылады.

Атырау мұнай өңдеу зауытының

жұртшылықпен байланыс бөлімі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз