
Экология
«Таза Қазақстан»: Елордада экология мәселелері талқыланды
Астанада республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асыруға арналған халықаралық конференция өтті. Ғалымдар мен экологтар қатысқан басқосуда қоршаған ортаны қорғауға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Қазақстан географиялық орналасуы бойынша су ресурстары тапшы мемлекеттер қатарында. Сондықтан табиғи ресурстарды тиімді пайдалануда халықаралық ынтымақтастыққа басымдық беріледі.
–Конференцияға Өзбекстаннан, басқа да көршілес мемлекеттерден мамандар қатысып отыр. Каспийдің айналасында 5 ел бар. Олармен біздің мемлекетіміз тығыз қарым-қатынаста. Осы жөнінде арнайы конвенция қабылданған. Әрине, мемлекет тарапынан жасалып жатқан іс-шаралардың оң нәтижесі бар, — деді ҚР Президенттік орталығы директорының орынбасары Серік Сыдықов.