Жарнама
Экология

Құрманғазылықтар туған жер тазалығы үшін жұмылды

Құрманғазы ауданында қоршаған ортаны таза ұстау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында “Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында кең көлемді сенбілік өткізілді.

img 0866

Ауқымды іс-шараға ауданға қарасты 13 ауылдық округ пен 47 мекемеден 390 адам қатысып, туған жердің тазалығы үшін бірлесе еңбек етті. Сенбілікке 13 тіркемелі трактор мен 2 УАЗ автокөлігі жұмылдырылды. Нәтижесінде 22 тонна тұрмыстық және қатты қалдық жиналып, арнайы орындарға жеткізілді.

Акция барысында ауыл-аймақтардағы көшелер, көпшілік жүретін жолдар мен су айдындарының жағалаулары тазартылды. Бұл — Құрманғазы ауданы тұрғындарының табиғатқа деген жанашырлығын, тазалыққа деген жауапкершілігін көрсететін нақты іс.

img 0867

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар қоршаған ортаға деген ортақ көзқарасты қалыптастыруға, жастар мен тұрғындарды табиғатты аялауға үйретуге ықпал етеді.

“Таза орта – жарқын болашақтың кепілі” деген ұранмен өткен сенбілік алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button