Судың құрамынан мұнай анықталды (+ВИДЕО)

123495557 2861797347427650 2565431621654337434 n БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/2 қараша, 2020 жыл. 2020 жылдың 1 қарашасында Атырау облысының экология департаменті жергілікті қоғам өкілдерімен бірге Атырау қаласының экологиялық ахуалына мониторинг өткізген болатын.

Мониторинг барысында анықталғанындай, «АМӨЗ» ЖШС-не тиесілі ағынды сулардың ағызу нүктесінде құрамында мұнай өнімдері бар Ағынды сулардың ағып кеткені орын алған. Биологиялық тазалау қондырғыларындағы жұмыс жасау кестесіндегі ауытқушылық мұнайы бар сарқынды судың ағып кетуіне нақты себеп болы отыр. 

Шұғыл шара қабылдау мақсатында департамент аталған зауыт өкілдері мен зертханалық –талдамалық бақылау бөлімінің мамандарын қатыстыра отырып, ағынды сулардағы сынамаларды алу жүзеге асырылды. Алынған сол сынамалар бұдан әрі зертеулер жүргізу үшін департамент кеңсесіне жеткізілді.  Қазіргі уақытта «АМӨЗ»ЖШС қатысты жоспардан тыс тексеру тағайындау бойынша іс-шаралары жүргізілуде.

Айта кетеу қажет, ҚР экологиялық кодексінің 199 бабының 10 тармағына сәйкес «Жалпы экологиялық талаптар және табиғат пайдаланушылардың шаруашылық және өзге де объектiлердi пайдалануға беру мен пайдалану кезiндегi жауапкершiлiгi»  табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға ластаушы заттардың төгілген авариялар туралы ақпаратты  экологиялық департаментке 2 сағаттың ішінде хабарлауы міндеттеген.

Алайда, зауыт өкілдері департаментке хабарламады. Аталған факт, қоғам белсенділерімен бірлесе Атырау қаласының аумағындағы  қоршаған ортаның   жай-күйіне мониторинг жүргізу барысында анықталды.

«Атырау облысы бойынша экология департаментінің баспасөз қызметі»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз