Жарнама
Экология

Қиғаштың су деңгейі қандай?

Атырау облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының тапсырысымен Қиғаш өзенінің су деңгейін тұрақтандыру және аймақтың экологиялық тепе-теңдігін сақтау мақсатында ауқымды гидротехникалық жұмыстар қолға алынды. Бұл бастама өңірдің су ресурстарын тиімді пайдалану, ауыл шаруашылығын қолдау және биологиялық әртүрлілікті сақтау үшін маңызды, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

img 3450
Screenshot

Жобаның негізгі бағыттары:

-Өзен түбін тереңдету және лай-батпақтардан тазарту;
-Гидрологиялық мониторинг жүйесін жаңарту;
-Суармалы егіншілікке қолайлы жағдай жасау;
-Жергілікті флора мен фаунаны қалпына келтіру.

-Қазір бекітілген жобаға сәйкес Котяевка ауылы маңындағы татар және Шучье арналары, Жамбыл ауылы маңындағы жалпы ұзындығы 100 шақырымға жуықтайтын Қиғаш өзенінде 77 км-лік түп тереңдету міндеті атқарылды. Мердігер мекеме — «Павлодар өзен порты» АҚ. Жалпы жұмысқа 24 экскаватор, балшық сорғыш 4 кеме, 2 бульдозер және 85 адам қамтылған. Істің барлығын 2025 жылдың соңына дейін кезең-кезеңімен атқару жоспарланды, — деді «Павлодар өзен порты» АҚ учаске шебері Бауыржан Нұрғалиев.

Айта кетейік, 2017-2021 жыл аралығында облыста Қиғаш өзенінің 126 шақырымы мен Жайық өзенінің 43 шақырымындағы су деңгейін көтеру және гидрологиялық режимді жақсарту бойынша жұмыстардың алғашқы кезеңі жүргізілген болатын.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button